Ұлытау облысындағы 103 кәсіпорында 516 бос жұмыс орындары бар болса, тоқсан төрт кәсіби маман жергілікті білім саласына қажет

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы кезекті аппараттық жиналысын өткізді. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру шаралары туралы Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы міндетін атқарушы З.Ақылбекова баяндады, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ететін шаралар ішінде «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар шарты», зейнет алдындағы жастағыларға «Күміс жас», түлектерге арналған «Жастар тәжірибесі», қоғамдық жұмыстарға орналастыру, халықтың осал топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындары сияқты жобалар өңірімізде іске асады. Сондай ақ, кәсіпкерлікті дамыту бойынша қайтарымсыз, арнайы гранттар бөлінеді. Оның жалпы соммасы 300 млн 174 мың теңге. Оның 166 – халықтың осал топтарына, 79 грант –жастарға арналған.
Одан бөлек облысымызда жастарға арналып Әкім гранты бөлінуде, оның суммасы – 100 млн теңгені құрайды. Бұл шаралардың барлығы да жұмыссыздық деңгейін төмендетуге өзіндік үлесін қосуы тиіс деп атап өтті облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы. Жұмыспен қамтудың электронды биржасында 103 кәсіпорында 516 бос жұмыс орындары бар екен, оның ішінде білім беру саласына – 94, денсаулық сақтау саласында – 15, техникалық салаға -36, экономика саласына – 15 орынға мамандар қажет.
Облыс әкімі аталған мәселені шешу үшін мамандарды тартудың тиімді тетіктерін қарастыруды тапсырды. «2021-2025 жж арналған Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасының елді-мекендерде іске асуы осы бағыттағы жұмысты жандандыруды қажет етеді. «Күміс жас», «Ұрпақтар шарты», гранттар бөлу жобаларының орындалысы барлық қала, аудандарда тұралап тұр. Өңір басшысы халықтың әл ауқатын көтеруге тікелей әсер ететін осындай жобалардың сапалы әрі тиімді орындалуын әкімдерден талап етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий