Сырбойындағы демалыс лагеріндегі кездесу

Қызылорда облысындағы “Арай-Sunrise” балалар демалыс лагерінде “Западный поток” халықаралық білім беру – зияткерлік жобасы аясында демалушы балалардың қазақ күресі бойынша жарыстардың жеңімпаздарымен кездесуі өтті, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.
Іс-шараға лагерьде демалып жатқан балалар мен олардың ата-аналары, спортшылар, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, БАҚ өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.
Бұл кездесудің мақсаты – дене шынықтыру және спорт саласын дамыту, спортпен айналысу арқылы балалардың салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыру, спорт резервін дайындау және спорт шеберлігін арттыру, ұлттық спорт ойындарын дамыту, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға тарту.
Жиналғандар қауымның алдында “Вайнах” облыстық шешен этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Лайла Пашаева сөз сөйлеп, өз сөзінде бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі жұмыстарға тоқталып , бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, көрермендердің назарына шешен бірлестігіндегі жас белсенділерінің орындауында “Лезгинка” биі ұсынылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий