NIS оқушылары Jusan Singularity бағдарламалау мектебін сәтті аяқтады 

NIS Challenge ойынына қатысқан Зияткерлік мектептерінің 7-12 сынып оқушылары Jusan Singularity бағдарламалау мектебін сәтті аяқтады. Үздік тәмамдаған оқушыларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Бір ай бойы зияткерлер онлайн форматта Java тілінде бағдарламалау негіздерін оқып, жүзден аса тәжірибелік тапсырмаларды орындады, түрлі кездесулерге қатысты. Оқу барысында Jusan Singularity командасы NIS зияткерлеріне Java тіліндегі байланыс тізімдері, хэш-кестелер, көп ағындылық, виртуалды машиналар мен жад негіздері, әзірлеу құралдары және өзге де тақырыптар бойынша шеберлік сағаттар өткізді.

Жас бағдарламашылар тапсырма орындауда да ұпай жинаудан өзара сайысқа түсті. Қарағандыдағы NIS оқушысы Әлмубди Мутайхан, елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Малика Нұртай мен Диас Сейдахметов, петропавлдық NIS-тен Алдияр Уалиев, талдықорғандық зияткер Жазира Искакова және Қостанайдағы NIS оқушысы Айша Адилова жоғары нәтижеге қол жеткізіп, арнайы сертификаттарға ие болды.

Jusan Singularity бағдарламалау мектебі – NIS оқушыларына Java бағдарламалау негіздері мен алгоритмдерін үйренуге, командада жұмыс істеу дағдыларын игеруге, IT саласындағы мамандардан практикалық білім мен кеңестер беретін бірегей бастама. Биыл NIS-тен жазғы мектепке барлығы 800-ден астам өтінім түсіп, іріктеуден өткен 270 оқушы өз білімдерін шыңдады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий