Ақмола облысы: “Абай әлемі” отбасылық викторинасы ұйымдастырылды

Абай күніне орай онлайн форматта «Абай әлемі» облыстық отбасылық викторинасы өтті, оған 6 аудан және Көкшетау, Cтепногорск қалаларынан 22 отбасы қатысты. Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Викторинаның мақсаты: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттап, ақынды жан-жақты таныту арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету, жүйелеу және жинақтау. Викторинаға Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының, М.Жұмабаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының, Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің мамандары қазылық етті.

Викторинаның қорытындысы бойынша келесі отбасылар жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – Рамазановтар отбасы, Красный Яр ауылы; 2 орын – Батихановтар отбасы Зеренді ауданы; 2 орын – Ақтаевтар отбасы, Көкшетау қаласы; 3 орын – Хасеновтар отбасы, Жарқайың ауданы; 3 орын – Нұрбековтар отбасы, Ақкөл ауданы; 3 орын – Менглибаевтар отбасы, Ақкөл ауданы.

Жүлделі орын иегерлері Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий