Ақмола командасы елордасында ұйымдастырылған шахмат фестивалінде жақсы нәтиже көрсетті

1-5 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Тәуелсіздік сарайында «Ғабит Сәтмағамбетов «Қайырымдылық қоры» жеке қорының қолдауымен қайырымдылық шахмат фестивалі өтті.Көкшетау қаласының құрама командасы «Әулет» ОӘД 12 тәрбиеленушісінен құралды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шахмат фестивалінің қорытындысы бойынша Әділет Әл Искандер 8 ұпай жинап, 1 және 3 орындарды бөлісті. Адия Шайкенова 6 ұпай жинап, 14 жасқа дейінгі категорияда үшінші орынды иеленді. Ерденев Тимур 9 ұпайдан 6 ұпай жинап, 1 разрядты орындады. Жетекшісі қосымша білім беру педагогы Бигожин С. К. Жас шахматшыларды жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий