Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетін биыл грант арқылы 681 талапкер таңдағаны белгілі болды

Мектеп түлектері тағатсыздана күткен 2022-2023 оқу жылына арналған білім грантының қорытындысы жария етілді. Биыл Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіне грант арқылы 681 талапкер таңдап отыр. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда үш есе артық көрсеткіш!, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Тағы бір атап өтетіні, оқу орнының жанындағы бірегей «Ұстаз» мектебін бітірген 38 түлектің 22-сі, яғни 57 пайызы грант иесі атанды. Биыл бакалавриат деңгейінде 73 мыңға жуық грант бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар саны артты. Көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлер грант алу үшін көбірек мүмкіндіктерге ие болады.
Сонымен қатар, алғаш рет ҚР Президенті Қ.Тоқаев тапсырмасы бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының 10 мың талапкеріне мақсатты білім гранты бөлінді. Оның ішінде, Атырау облысына 41 жоғары оқу орнына 4000 грант бөлінген болатын. Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті студенттердің қызықты және сапалы білім алуы үшін қажетті барлық жағдайды жасайды.
Университеттің қабылдау комиссиясы алдағы уақытта грант иегерлерімен хабарласып, құжат тапсыру шарттарын түсіндірмек. Сондай-ақ, бірінші курсқа түскен барлық студенттеріміз толықтай жатақханамен қамтамасыз етіледі. Студенттік өмір, оқу үдерісі және тағы басқа сұрақтар бойынша тез арада ақпарат алу үшін университетіміздің https://t.me/atyrau_university телеграм чатына тіркелуге болады.
Барлық грант иелерін студент атанып, жаңа кезеңге аяқ басуымен шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалсын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий