“Жас өрен”: Елімізде республикалық байқау басталады
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық –демографияық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 2022 жылды шілде айының 25 жұлдызынан бастап балалар әні және балалар поэзиясына (өлең ,жыр,тақпақ) арналған ақындар мен композиторлар арасында республикалық байқау жариялайды, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: өнер туындылары арқылы патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру; жас ерекшелігіне сай жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу; отандық авторларды қолдау; балабақша және мектеп жасындағы балалардың репертуарын толықтыру; Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарас қалыптастыру.
Конкурс 2022 жылдың 25 шілде мен 15 қазан аралығында өткізіледі. Шығармалар еркін тақырыпта (отансүйгіштік, ата-анаға деген махаббат, елді қорғау, табиғат жайында және тағы да басқа) жазылады. Конкурс шығармалардың түрі бойынша келесі екі номинацияларға бөлінеді: Балаларға арналған әндер. Балабақша және мектеп жасындағы балалардың әндері. Балалар поэзиясы. Еркін тақырыптағы тақпақ, өлең, жыр туындылары.
Айта кетейік, конкурсқа қатысу үшін бұрын көпшілік алдында орындалмаған, жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар өтініммен бірге мынадай құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, 2022 жылғы 25 шілдеден бастап 15 қазанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер жібереді:
PDF форматында жеке куәлігі құжатының көшірмесі; шығармашылық өмірбаяны; Конкурска қатысушының 13х18 сантиметр өлшеміндегі түрлі-түсті фотосуреті (JPEG форматында); туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы; Екі номинацияға да Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері №14, жоларалық интервал – бір жолдық); Әндер номинациясына партитура және клавир («Finale» немесе «Sibelius» ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында).
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама. Өтінімдер мына электронды поштаға жіберіледі: zhas.oren@gmail.com. Анықтама телефондары: 87751459053
Загрузка...
Саламатсыз ба, өтініш қабылдау бөлімінде 2-ші тұрған “аудиожазба” пункты екі номинацияға да қатысты ма әлде тек әндерге ме?