Сарапшылар мен авторлар мектеп оқулықтарын әзірлеу мен сараптаудың өзекті мәселелерін талқылады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық Білім мазмұнын сараптау орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы ұлттық басымдық: балалар және білім беру» білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы аясында «Білім беру ресурстары – білім беру сапасын арттыру құралы» атты панельдік секция отырысы өтті, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Іс-шараның мақсаты мектеп оқулықтарын әзірлеу мен сараптаудың өзекті мәселелерін талқылап, оқу басылымдарының сапасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу. Жиын аралас, яғни offline/online форматта өткізіліп, пленарлық және практикалық бөлімдерді құрады. Панельдік секция отырысын ҚР ОМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Каримова Гүлмира Райынбекқызы өз алғысөзбен ашып, сессия мүшелеріне сәттілік тіледі.

Бұл жиынның оқулық сапасын арттыруда, ұсыныс-пікірлерді жинақтауда маңызын атап өтіп, оқу басылымдары сапасын жетілдірудегі жүргізіліп жатқан кешенді шараларға тоқталды. – Өздеріңізге белгілі, былтырдан бері оқулықтарды әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және іріктеудің жаңа жүйесі енгізілсе, биыл  оқу басылымдарының құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілді.

Ең басты жаңалықтың бірі – алдағы уақытта мемлекеттік тілде оқытатын мектептер үшін оқулықтарды (тілдік пәндерден басқасы) әзірлеу әуелден қазақ тілінде жүзеге асырылады. Демек, қазақ тілінде білім алатын оқушыларға аударма оқулықтар ұсынылмайды. Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар тарапынан кей оқу материалдары қабылдауға қиын, жазылу тілі ауыр және аударма оқулықтармен жұмыс істеу барысында қиындықтар туындағаны айтылды.

Бұдан былай бұл мәселе оңтайлы шешімін тауып, оған аталған талап ықпал етеді деген сенімдеміз. Ал қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған оқулықтарды әзірлеуде екі нұсқа қарастырылады: оқу тілінде әзірлеу  немесе аударма нұсқаны ұсыну, – деді Гүлмира Каримова.

Жиын модераторы ҚР ОМ Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Нұрланов Елдос Болатханұлы болды. Офлайн режимдегі сессия отырысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, ЖОО оқытушылары мен педагогтар, авторлар мен сарапшылар қатысты.

Сонымен қатар, жиынды онлайн форматта үш жүзге жуық көрермен тамашалады. Алғашқылардың бірі болып сөйлеген ҚР ОМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули Балалар жылы аясындағы атқарылған шараларға, «Оқуға құштар мектеп» жобасының ұйымдастырылу барысына тоқталды. 

Панельдік секция спикерлері оқулықтарды сараптау жүйесіне, цифрлық трансформацияның табыстылығы мен тиімділігінің маңызына, мұғалім мен оқушыны ынталандыратын оқулық әзірлеу тетіктері және өзге де маңызды тақырыптарды қамтыды.

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов өз баяндамасында мектеп оқулықтарын мемлекеттік сараптау жүйесін, мұндағы жаңашылдық, бастапқы нәтижелер, стериотип пен ақиқатты атап өтті. Секция отырысы сұрақ-жауапқа ұласып, педагогтердің ұсыныстары тыңдалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий