Қызылорда облысында балалар жылына орай жыл басынан 12 мыңнан астам шара ұйымдастырылды

«Балалар жылы» аясында қызылордалық бүлдіршіндерге жан-жақты жағдайлар мен қолдаулар көрсетілуде. Жыл басынан бері аймағымызда 12 мыңнан астам шара өткізіліп, оған 96 мыңға жуық бала қамтылды. Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар бекітілген жоспардың негізінде 7 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Білімді бала» бағыты бойынша барлық білім беру ұйымдарында тәрбиелік бағыттағы 11 мыңнан астам шара ұйымдастырылып, оған 47 311 бала қатысты. Биылдың өзінде 8 мыңнан астам бала өңірдегі лагерьлерде демалды. Ал арнайы санаттағы балалар мен халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне 100 велосипед, 10 ноутбук және 20 бүлдіршінге «Балдаурен» республикалық лагеріне жолдама табысталды. Сондай-ақ, балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз ету мақсатында 23 307 бала мәдени және спорттық үйірмелермен қамтылды.

«Отбасы – қауіпсіз мекен» бағыты бойынша 1 маусымда Қызылорда қаласында көп балалы отбасылар үшін 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Отбасы институтын насихаттау бағытында 300-ден астам шара өткізіліп, оған 8 мыңнан астам ата-ана қатыстырылды. Балалар туризмін дамыту мақсатында 3000-нан астам білім алушылар Қорқыт Ата кешені, Сортөбе, Жанкент, Сығанақ тарихи орындарына саяхаттар ұйымдастырылуда.

Үшінші «Дені сау бала» бағыты аясында 1-3 жас аралығындағы 26 100 бала аудиологиялық скринингтен өткізілсе, 18 жасқа дейінгі 312 000 балаға медициналық тексеру жүргізілді. Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 142 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, мүгедектігі бар 150 балаға иппотерапиялық қызмет тұрақты көрсетілуде.

Үйде оқытылып, тәрбиеленетін 1149 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл мақсатқа бюджеттен 51,5 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар Балалар жылы аясында көпбейінді облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылды. «Баласын жетімсіретпеген ел» бағыты бойынша «Атамекен» балалар ауылының 2 түлегіне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталды және 45 балаға «Қамбаш» лагеріне жолдама беріліп, 14 шығармашылық үйірме ашылды.

Бекітілген жоспардың бесінші бағыты «Жайлы мекен» бойынша облыста жыл соңына дейін балаларға арналған бірнеше нысандар пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде 6 мектеп, 1 балабақша, 1 Оқушылар үйі мен Өнер мектебі бар. Мұнымен қоса жаңа оқу жылы қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер 3 жекеменшік мектепті іске қоспақ. Сонымен қатар 28 мектептен инклюзивті қолдау кабинеті, 47 балабақшадан логопункт және 2 ауданнан инклюзивтік ресурстық орталық пен 2 балабақшадан аутизм кабинеті ашылады.

Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 500 балаға спорт кешендеріне тегін абонемент табысталды. Бала қауіпсіздігі басты назарда. Бұл ретте «Бала қорғау» бағыты аясында бүгінде барлық білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Ағымдағы жылы 35 мектепке бейнебақыдау жүйелерін жергілікті полиция бөлімдеріне қосу үшін облыстық бюджеттен 252 млн.тг бөлініп отыр.

Ал «BALA_TIME.KZ» ақпараттық сүйемелдеу бағыты бойынша республикалық және жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда 5 074 материал жарияланса, Балалар жылының логотипы бейнеленген 57 баннер орналастырылды. Облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде «Балалар жылы», «Өнерпаз бол», «Год детей», «Талантливые дети» тақырыптарында айдарлар ашылып, жергілікті телеарналарда 165 бейнесюжет көрсетілді.

Ал балалар жылындағы ең үлкен сый – Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайын салу туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен келісім жасалды. Бұл зәулім ғимарат Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан жаңа тұрғын ауданда бой көтеретін болады. Сонымен қатар 80 спорт және балалар ойын алаңдары салынады.

Бүгінгі күнге Қызылорда қаласында 32 алаңның құрылысы басталса, аудандарда 6 ойын алаңының құрылысы аяқталған және 5-еуінің құрылысы басталды. Жыл соңына дейін бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, алдағы уақыттарда 800-ге жуық рухани-танымдық, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий