Өмірі өнегемен өрнектелген

Тулкиева Галия Еликбаевна 1995 жылдан бастап №14 Айбек атындағы жалпы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет жасап келе жатыр. Еңбек өтілі 29 жыл, жоғары санатты педагог-зерттеуші мұғалім, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
 
Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Елінің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін оқушыларға арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын білікті, принципшіл, қызметіне адал жан. 
Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгаршілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастыратын ұстаз.
Ол еңбек еткен 29 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, қалалық, облыстық, байқаулар, олимпиадаға қатысып, ҚББ-ң , ОблББ-ның дипломы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы «Дарын орталығы тарапынан, ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті тарапынан алғыс хаттармен марапатталып жүрген ізденімпаз мұғалім.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий