Атырауда биылғы оқу жылында үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Ағымдағы жылдың аяғына дейін оқушыларға Атырау қаласының «Балауса» ықшамауданынан 600 орындық мектеп, Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласынан 300 орындық №5 мектеп, Атырау қаласының «Балауса» ықшамауданынан 600 орындық мектеп, Атырау қаласы Жаңаталап селосында салынып жатқан 300 орындық мектеп–интернат құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі, – деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

– Бүгінде облыс бойынша 200 мектеп бар. Оған қоса, тағы да бірнеше білім ордасының ірге тасы қалануда. Биылғы оқу жылында 3 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша, өңірдің даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін өңірде 48 мектеп кезең-кезеңімен құрылысын салу жоспарлануда. Ал, биылғы жаңа оқу жылын 138 мыңнан астам оқушымен бастағалы отырмыз. Облыс бойынша барлық мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады, – облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы деді Айнагүл Дүйсекенова.
– Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы да назардан тыс қалмай, орталық жылу қазандығына қосылған барлығы 27 мектептің жылу жүйелері гидравикалық сынақтан өткізілді. Ал, 36 мектептің жылу қазандықтары маусымға толық дайын,- деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ф.Шангереева.