Мұхаммадариф Сахмолдин – беделді IOI-2022 олимпиадасының күміс медаль иегері
Семей қаласындағы NIS оқушысы Мұхаммадариф Сахмолдин ең беделді халықаралық IOI-2022 олимпиадасының күміс медалін еншіледі. Ол әлемдік деңгейдегі жас информатиктер қатарына осымен екінші мәрте еніп отыр, зияткер өткен жылы International Olympiad in Informatics-тің қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Мұхаммадарифтің жеке коллекциясында Жәутіков олимпиадасы мен республикалық пәндік олимпиадалардың алтындары бар. 2022 жылғы информатикадан халықаралық білім бәйгесі Индонезияның Джокьякарта қаласында ұйымдастырылып, 88 елдің 350-ден аса оқушысын біріктірді. Олар алгоритмдік есептерді шешу және бағдарламалаудан екі күн бойы бақ сынасты.
Загрузка...