Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту: өзгерістер мен басым бағыттар

Үстіміздегі жылы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді дамыту моделінің жүзеге асырылуы жалғастырылатын болады. Моделді жүзеге асыру жоспары 42 ұзақ мерзімді іс-шараны қамтиды. Сонымен қатар, Модельді жүзеге асырудың басым бағыттары «Білімді ұлт» Ұлттық жобасында және Жол картасында қарастырылған.

Қазіргі уақытта жеті нормативтік құжат қарастырылып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның ішінде, ең алдымен 2022 жылғы 3 тамызда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілгенін жеткіземіз (ҚР ОАҒ №348 бұйрығы). Құжат Әділет заң.kz сайтында қолжетімді. Жаңа стандарт негізінде Үлгілік оқу жоспары әзірленіп, бекітуге ұсынылды (ҚР БҒМ №557 бұйрығы).

Модельдің 22-тармағына сәйкес балабақша деңгейінде «Дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестері тәсілдерін өзгерту» бағытында №70 бұйрықта  баланың қызығушылығына қарай даму аймақтарын құруға қажетті құрал-жабдықтар мен ойыншықтар – түрі, саны, тиімділігі мен білім саласына қарай әр жас ерекшелігі бойынша жаңғыртылып, толықтырылды. Сонымен бірге, арнайы кабинеттерді, соның ішінде педагогикалық-психологиялық қолдауды жүзеге асыру мақсатындағы бөлмелерді жабдықтау үшін ұсынылатын құрал-жабдықтардың тізбесі берілген.

№122 бұйрықта Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне іріктеу өлшемшарттары толықтырылды. №130 бұйрыққа мектепке дейінгі ұйым педагогтері жүргізетін міндетті шекті құжаттар тізбесі (3 құжат) көрсетілді, өзгеріс жобасы барлық тараптармен келісіліп бекітуге ұсынылды. Бұл мәселе педагогтер тарапынан съезде көтерілді, педагогтерге циклограмма үлгісі әзірленіп берілетіні туралы Модельдің 32-тармағында, шекті жүктеме туралы «Педагог сттатусы» Заңында, диагностика құралдары туралы Стандартта көрсетілген.

№595 бұйрықта мектепке дейінгі даярлық сыныптары үшін каникул күндері мектептердің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес белгіленетіні көрсетілген. Модельдің 24-тармағында мектепке дайындық сатысының ерекшеліктері көрсетілген, соған сәйкес Стандартта баланы мектепке оқуға дайындауда оның бойында қалыптастырылатын қасиеттері айқындалған. Оқу бағдарламасын қайта қарау үшін құрамы 82 сала мамандарынан (ғалым, практик, әдіскер, психолог) тұратын жұмыс тобы құрылды.

Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру салсындағы дене шынықтыру және музыка мамандарының топтары бар, құрамында тиісінше 29-30 маман бар.  Бағдарлама жобасы ашық талқылауға ұсынылған, қазіргі уақытта жинақталуда. Биылғы жылы 14 мың педагогке «Өрлеу» және ПШО өткізетін білім жетілдіру курстарының мазмұнын бірге қарап, Модельді жүзеге асыруда педагогикалық тәсілдерді өзгерту, баланы субъект ретінде тану, ойын арқылы оқытудың әдістері бойынша модульдер енгізіп, педагогтер үшін курстан алып қайтатын ортақ практикалық кейстер әзірленді.

Бұл жұмыстар ақпан айында аяқталды, қазіргі таңда курстар жалғасуда. Модельді  толыққанды жүзеге асыру механизмі Жоспарда ЖОО қатысуын қарастырады және білім бағдарламаларының мазмұны, студенттер практикасы, кафедра жанындағы балаларды ерте дамыту зертханалары, балабақша базасындағы Ресурстық орталықтарды, қайта даярлау курстарын қамтуды көздейді. Бізбен жоғары оқу орындары Меморандумдар жасасып, болашақ ғалымдарды, докторанттарды тағлымдамаға жіберуде.

Қазір Абай атындағы ҰПУ-нен Институт базасында докторанттар бар және 1 магистрант ЕСЕРС бойынша эксперт деңгейіне біздің базадағы зерттеу жұмыстарының аясындағы курста сертификатталды. Модельдің жүзеге асырылуын ғылыми-әдістемелік қолдау мақсатында Институт өз қызмет аясын кеңейтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша аккредитациялаудан өтті. Институт Жарғысына білім жетілдіру курстарын өткізу қосылды, қазір Балаларды ерте дамыту әдістемесі, сапаны бағалау тақырыптарында білім жетілдіру бағдарламалары әзірленуде және сараптамаға ұсынылды.

Стратегиялық бағыт ғылыми зерттеу жұмыстарының негізіндегі сапалы трансформациялауды, сапаны бағалау құралын өзін-өзі бағалау құралы ретінде қолданатын балабақшалар үлесін 2023 жылы – 20 %, 2024-елу пайыз, 2025-75 %, 2026 – жүз пайызды көздейді. Сонымен бірге Модельді жүзеге асыруда барлық тиісті сала құрылымдарымен ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз, ЖОО, Әдістемелік орталықтар, қоғамдық ұйымдар, ғылыми институттар.

Қазіргі кезде Мақсатты бағдарламалық қаржыландыру аясында жүріп жатқан зерттеу жұмыстарының барысында дайындалған сапа өлшемшарттарының жобасы фокус топтарда талқылануда, пилоттық жоба аясында сыналуда. Үсіміздегі жылдың қыркүйек-қараша аралығында сынақтан өткізу жалғасады. Бүгінгі күні балабақшалардағы өзін-өзі бағалау құралдары, өкінішке орай, педагогикалық процесті бағалау критерийлерін қамтымайды.

Жаңа модельге сәйкес сапаны қамтамасыз ету бағытында «Құзіреттілік орталықтары» және «Күн бойындағы топтағы екі тәрбиеші» пилоттық жобалары қолға алынды. Сәуір-мамыр айларында 6 өңірден жеті балабақша осы жобаға қатысқан болатын. Қазір пилоттық жоба осы жылдың соңына дейін ұзартылды. Балабақша топтарындағы эксперименттік алаң жұмысы сарапшылардың бақылауында. Жыл соңына дейін әр өңірде жиырма «құзіреттілік орталықтарын» анықтау жоспарланған.

Балалар жылында Модельді жүзеге асыру аясында 10 нақты істің нәтижесін бағалау көзделген. Олар қамту мен қолжетімділік, қауіпсіздік, жайлы орта, сапалы білім қызметі, ата-аналармен жұмыс, балалар шығармашылығы, балаларға арналған байқау жобаларын қамтиды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты, кері байланыс үшін http://irrd.kz/, тел.8 (7127) 28-09-50.

Манара АДАМОВА,
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды
ерте дамыту институтының директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий