Инженерлер мен ғалымдардың жаңа буынын даярлаудың маңызы

Инженерлер мен ғалымдардың жаңа буынын даярлау мақсатында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) филиалы ашылады, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу орнында «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнай мен газдың табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» бағдарламалары бойынша талапкерлерден құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр.
С.Өтебаев атындағы АтМГУ мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы бірден-бір мамандандырылған жоғары оқу орны, 2015 жылдан бастап И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен серіктестік байланыста. АтМГУ базасында Губкин университетінің филиалын ашу – білім беру бағдарламаларының трансферін қамтамасыз етіп, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға септігін тигізеді. Губкин университетінің Қазақстандағы филиалының ресми ашылуы қыркүйек айының соңына жоспарланған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий