ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа оқу жылының басталуына дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізуде

Қазіргі уақытта республикада 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді (11 ұлттық, 29 мемлекеттік, 14 азаматтық емес, 1 дербес білім беру ұйымы, 1 халықаралық, 16 акционерлік және 48 жеке), оларда 623 839 адам оқиды (бакалавриат – 575 511 адам, магистратура – 36 483 адам, докторантура – 5 924 адам), – деді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек САЯСАТ ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Профессор-оқытушылар құрамының саны – 36 378 адам құраса, ғылыми дәрежелілігі – 48% құрайды. 2022-2023 оқу жылына күтілетін студенттер контингенті 609,5 мың адамды құрайды, оның ішінде қабылдау-164 300 адам. Өткен оқу жылымен салыстырғанда білім алушылар контингенті – 5% – ға өсті. Көріп отырғанымыздай, жыл сайын контингенттің ұлғаю үрдісі байқалады. 2030 жылға қарай контингенттің 30 % өсуі күтілуде.

2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс көлемі. 88 214 орынды, бакалавриатта – 73 061, магистратурада – 13 263, докторантурада – 1 890 орынды құрады, оның ішінде 42 303 грант немесе 60% – ы техникалық мамандықтарға бөлінген. Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша батыс және халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары үшін 10 мың грант, «Серпін» жобасына 3 653 грант, шетел азаматтарына 490 грант, оның ішінде 150 грант Орталық Азия елдерінің азаматтарына, 100 орын – Ислам ынтымақтастығы ұйымдары елдерінің азаматтарына қарастырылды.

Республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша 56 375 грант тағайындалды. Бұдан басқа, жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат деңгейінде стипендия 20% – ға (31 423 теңгеден 36 660 теңгеге дейін) өсті, оның ішінде педагогикалық бағыттағы студенттер үшін 50 мың теңгеден бастап 58 800 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, магистратура және докторантура 15% – ға (76 950 теңгеден 86 987 теңгеге дейін және тиісінше 172 500 теңгеден 195 000 теңгеге дейін) өсті. Бұл норма шамамен 161 мың білім алушыға қатысты болады.

Біріншіден, жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-МЖМБС) ЖОО-лардың академиялық еркіндігін одан әрі кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарына кадрларды даярлау бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беретін пәндер циклінің бірқатар пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізу мүмкіндігін анықтайды.

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің орнына «Қазақстан тарихы» пәні енгізілді. Базалық және бейіндеуші пәндер блоктары кредиттерінің санын қатаң регламенттеу алынып тасталды. Сондай-ақ ЖОО практик-мамандар мен топ-менеджерлерді студенттер мен магистранттардың дипломдық және зерттеу жұмыстарын басқаруға тарта алады. Екіншіден, бұл-білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру. Бүгінде жоғары оқу орындары еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірледі. Олардың саны 262-ге жетті.

Анықтама: бүгінде 2 777 кәсіпті қамтитын 623 кәсіби стандарт бар. Тізілімде барлығы 8 237 бағдарлама бар. Түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту және жаңа сын-тегеуріндерге бейімдеу үшін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары арқылы нанодеңгейі мен микробіліктілігі енгізіледі. Үшіншіден, еңбек нарығын жоғары білім деңгейінде тәжірибелі мамандармен қамтамасыз ету және оларды мобильді даярлау үшін қолданбалы бакалавриат енгізіледі.

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде 8 ЖОО базасында жаңа бағдарламалар іске қосылады. Сондай – ақ, 4 ЖОО базасында пилоттық режимде студенттердің әлеуметтік және зерттеу белсенділігін ескеретін білім алушыларды бағалаудың жаңа моделін-интегралдық GPA енгізу жоспарлануда. Төртіншіден, ЖОО-лар академиялық процеске дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты аяқтады. Бұл: білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, кестені бекіту, педагогикалық жүктемені анықтау, оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету және тағы да басқалар.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 24-25 тамызда Нұр – Сұлтан қаласында «Адами капитал-жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумы өтетінін атап өткім келеді, онда қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланады, жаһандық трендтерге сәйкес жоғары білім беру мен ғылым жүйесін дамыту бағыттары айқындалады. Форум аясында форсайт-сессиялар мен бірқатар семинарлар ұйымдастырылатын болады.

Жаңа оқу жылының ашылуына сапалы дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Бүгінгі күні жаңа оқу жылына қарай еліміздің 104 жоғары оқу орнында әкімшілік-оқу корпустарын, жатақханаларды, кітапханаларды, спорт залдарын, асханаларды жөндеу, сондай-ақ жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Әкімшілік-оқу корпустарына күрделі жөндеу 14 ЖОО-да, 10 ЖОО-ның жатақханаларында, 8 ЖОО-ның кітапханаларында, 4 ЖОО-ның асханаларында жүргізілді. Ағымдағы жөндеу әкімшілік-оқу корпустарына 71 ЖОО-да, 64 ЖОО-дағы жатақханаларда, 54 ЖОО-дағы кітапханаларда, 51 ЖОО-дағы асханаларда жүргізілді. ЖОО жаңа оқу жылына корпустар мен жатақханалардың толық дайындығы, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарын сақтау қажеттігі туралы тапсырма берілді.

Министрлік жатақханалардағы орындарға қажеттілік туралы деректерді жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Бүгінгі күні 28 ЖОО-да білім алушыларды 100% жатақханамен қамтамасыз ете алады. Болжам бойынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады.

Бұл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде -15 122 төсек – орын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде – 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде – 4 000, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде – 3 000, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар. Нұр-Сұлтан қаласындағы бұл жағдайға ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарланып отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі де әсер етуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігіне, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйдің қымбаттауы да әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ теміржол көлігі мен авиаұшуларға билеттердің қымбаттауы және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы орын алуда екенін атап өткім келеді. Бұл кешенді мәселе және оны шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға ЖОО білім алушылары үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағаларын реттеуді пысықтауды сұраймыз.

ҚР Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» АА-мен бірлесіп, темір жол және авиакөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша рейстерді қосу және билеттердің бағасын реттеу жөніндегі мәселені пысықтау туралы ұсыныс енгіземіз. Жергілікті атқарушы органдар мен ЖОО ректорлары КВИ ауруларының өршуі кезінде іс-қимыл жоспарын (алгоритмін) әзірлеуі және тиісті өңірдегі ахуал нашарлаған жағдайда жедел шаралар қабылдаулары қажет.

Қорытындылай келе, оқу жылына дайындық шеңберінде ЖОО ректорларымен бірқатар кеңестер өткізіліп, жатақханаларда орындармен қамтамасыз ету және жалға берілетін тұрғын үй, хостел және басқа да балама шаралар бойынша шаралар қабылдауға тапсырмалар берілгенін атап өткім келеді. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий