Жоғары оқу орындары ректорларымен кеңес ұйымдастырылды

Жаңа оқу жылының ашылуына сапалы дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Бүгінгі күні жаңа оқу жылына қарай еліміздің 104 жоғары оқу орнында әкімшілік-оқу корпустарын, жатақханаларды, кітапханаларды, спорт залдарын, асханаларды жөндеу, сондай-ақ жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілді, -деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік-оқу корпустарына күрделі жөндеу 14 ЖОО-да, 10 ЖОО-ның жатақханаларында, 8 ЖОО-ның кітапханаларында, 4 ЖОО-ның асханаларында жүргізілді. Ағымдағы жөндеу әкімшілік-оқу корпустарына 71 ЖОО-да, 64 ЖОО-дағы жатақханаларда, 54 ЖОО-дағы кітапханаларда, 51 ЖОО-дағы асханаларда жүргізілді. ЖОО жаңа оқу жылына корпустар мен жатақханалардың толық дайындығы, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарын сақтау қажеттігі туралы тапсырма берілді.

Министрлік жатақханалардағы орындарға қажеттілік туралы деректерді жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Бүгінгі күні 28 ЖОО-да білім алушыларды 100% жатақханамен қамтамасыз ете алады. Болжам бойынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан астам адамды құрайды. бұл ретте ең үлкен қажеттілік алматы және нұр-сұлтан қалаларында байқалады.

Бұл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде -15 122 төсек – орын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде – 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде – 4 000, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде – 3 000, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігіне, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйдің қымбаттауы да әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ теміржол көлігі мен авиаұшуларға билеттердің қымбаттауы және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы орын алуда екенін атап өткім келеді. Бұл кешенді мәселе және оны шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға ЖОО білім алушылары үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағаларын реттеуді пысықтауды сұраймыз. ҚР Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» АА-мен бірлесіп, темір жол және авиакөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша рейстерді қосу және билеттердің бағасын реттеу жөніндегі мәселені пысықтау туралы ұсыныс енгіземіз.

Жергілікті атқарушы органдар мен ЖОО ректорлары КВИ ауруларының өршуі кезінде іс-қимыл жоспарын (алгоритмін) әзірлеуі және тиісті өңірдегі ахуал нашарлаған жағдайда жедел шаралар қабылдаулары қажет. Қорытындылай келе, оқу жылына дайындық шеңберінде ЖОО ректорларымен бірқатар кеңестер өткізіліп, жатақханаларда орындармен қамтамасыз ету және жалға берілетін тұрғын үй, хостел және басқа да балама шаралар бойынша шаралар қабылдауға тапсырмалар берілгенін атап өткім келеді. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий