Атырау облысы: Жас мұғалімдердің тәлімгерлігін шыңдау бағытындағы жаңа жобаның тұсауы кесілді

«Мұзарт» педагог-шеберлер қауымдастығы және жас мамандардың қатысуымен панельдік сессия ұйымдастырылды. Әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Нұрила Кулбалиеваның модераторлығымен өткен жиынның күн тәртібінде үш тақырып қозғалды, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
 
Нақтырақ айтқанда, “Мұғалім тәжірибесіндегі іс-әрекетті зерттеу”, “Білім беруді құндылыққа негізделудің маңыздылығы”, “Сабақты зерттеу-педагогтердің үздіксіз кәсіби шеберлігін жетілдіру құралы” тақырыптары сөз болды. Бұдан бөлек, алқалық отырыстың негізінде «Jasmaman UPGRADE» атауымен «Мұзарт» педагог-шеберлердің жас мұғалімдерге тәлімгерлігі бағытындағы жобасының тұсауы кесілді.
 
Мұндағы мақсат – «Мұзарт» педагог-шеберлер қауымдастығы мүшелерінің тәлімгерлігімен жас педагогтердің көшбасшылық, зияткерлік әлеуетіне, шығармашылық белсенділігіне сәйкес кәсіби өсуіне ықпал ету. Жобаға облыс орталығы мен аудандардың мектептерінен іріктеліп, 7 жас маман алынды. Айта кетелік, аталған жоба 2022 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың мамырында өз жұмысын жүргізетін болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий