“Абай оқулары”: Ақмолалық оқушылар шығармашылық байқауының республикалық кезеңінде жақсы нәтижелер көрсетті

Абай облысының Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ Республикалық Абай оқулары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

ХХІІІ Республикалық Абай оқулары 6 номинация бойынша өтті, оған республиканың түкпір-түкпірінен 120-дан астам қатысушы қатысты. Ақмола облысынан 6 номинация бойынша 6 оқушы қатысты: Ханат Оразалы – Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациядан; Рамазан Айым – Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы, «Абайдың қара сөздері» номинациядан.

Дәулет Іңкәр – Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылай хан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациядан; Закер Ақерке – Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы, «Көңілім әнді ұғады» номинациядан.

Сағантай Зинеп – Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациядан; Аленхан Дильназ – Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, «Ұлылар әлемі» номинациядан.

Шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша Рамазан Айым мен Аленхан Ділназ І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Дәулет Іңкәр және Сағынтай Зинеп грамоталармен марапатталды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий