Биылғы жаңа оқу жылында білім сапасы ең басты назарда болады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастамасы бойынша «Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім» тақырыбындағы биылғы республикалық тамыз форумының шеңберінде бүгін салалық ведомства жетекшісі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен «Білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі» тақырыбында панельдік сессияның пленарлы отырысы ұйымдастырылды.

Алқалы басқосуға министрлікке қарасты құрылымдар мен облыстық білім басқармаларының басшылары, білім беру ұйымдарының жетекшілеріне қоса сарапшылар және еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Жиынның модераторы ретінде ең алдымен сөз алған ҚР Оқу-ағанрту министрлігіне қарасты Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова соңғы жылдары еліміз бойынша білім сапасын арттыруға баса мән беріле бастағандығын айтып, биылғы жаңа оқу жылында бұл жұмыстардың жүйелі түрде ілгерілейтіндігіне тоқталды.

– Білім сапасы туралы айтқанда әрбір адам бұл туралы ұғымды түрліше түсіндеретіндігін білеміз. Сондықтан бұл бағытта тәжірибесі бар сарапшы мамандардың талқысына салып, ортақ мақсаттағы пікірлесулер арқылы халықаралық тәжірибелерді ескеру арқылы отандық білім сапасының басты қағидаттары анықталған болатын.

Барлық тараптардың мақұлдауымен айқындалған басты ұстаным салалық министрліктің бұйрығымен бектілді. Осының негізінде қазіргі кезде барлық білім беру ұйымдары басшылыққа алатын нұсқаулық әдістемесі дайындалып, түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуге кірістік, – деді Гүлзат Ізбасарқызы.

– Бұрыннан бар бақылаудан білім сапасын бағамдайтын жаңа тәсілдерге бет бұрудың да қиындықтары жоқ емес. Бұл әрине біріншіден уақытты талап етеді, екіншіден кемшіліктерді түзсетуге көмектесетін арнайы мамандар тобын құруымыз қажет. Сондықтан да күрделі. Десек-те маңызды мәселелерді жазалау сияқты қатаң шараларды қолдану арқылы шешудің орнында қолдау білдірілетіндігін түсінген білім беру ұйымдары бұл бағыттағы жұмыстардың не үшін қолға алынғандығын түсінетін болады, – Асхат Қанатұлы.

Жиын барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Заңғарұлы сөз сөйлеп, бұл бағыттарда жүргізілген жұмыстардың барысын баяндады. Осы жиыннан арнайы дайындалған мақаланы «Білімді е- Образованная страна» республикалық газетінің алдағы жаңа санынан толық оқып, таныса аласыздар.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий