Келесте ашық аспан астында ерекше кітап оқу акциясы ұйымдастырылды

Түркістан облысындағы Келес ауданында балалардың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Әсіресе оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында кітапханашылардың жұмысы жандана түскен, – деп хабарлайды жергілікті білім бөлімінің баспасөз қызметі.

№25 С.Сейфуллин  атындағы жалпы орта мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында жас оқырмандармен “Ашық аспан астында кітап оқу”  іс шарасы өтті. Шәкірттер “Кел,балалар,оқылық!” атты кітап көрмесімен танысып, зейіндерін ашты. Кішкентай оқырмандар оқыған кітаптарын қызу талқыға салды.

– Ашық аспан астында кітап оқуға деген балалардың қызығушылығы артып отыр. Кітап оқу қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Балалар бос уақытында оқыған кітаптарын талқыға салып ғана қоймай, жаңа кітаптармен танысты. Мұндай акция кітапхана жұмысын ұйымдастырғанда да қажет екендігіне көзіміз жетті. Әсіресе оқушыларды кітап оқуға баулуда қолданатын тиімді әдіс деп ойлаймын, – дейді мектеп кітапханашысы Гүлмира Тұрысбекова.

Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда ғана тиімді болады. Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Сондықтан мұндай акциялар көптеп ұйымдастырылып отырады дейді ұйымдастырушылар.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий