Шымкент қаласы: Қосымша білім беру – жаңа бағыт, ізденіс, нәтиже

Қазіргі заманғы қосымша білім беру қазақстандық білімге «сапаға салмақ» беріп қана қоймай, сонымен қоса ол бейресми білім беру тұжырымдамасын – қазіргі жас адамның өмірінде оқытудың жетпіс пайызын құрайтын әлемдік практиканың трендін іске асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясаты тұрғысынан қосымша білім беру ауыл мектептерінің оқушылары мен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім алуы мен әлеуметтік жетістіктері үшін балама мүмкіндіктер ұсына отырып, білім беру теңсіздігін азайтудың пәрменді құралы болуға тиіс.

Қосымша білім берудің мұндай бағыты ауылдық жерлерден (35,5 %), аз қамтылған отбасылардан (68%) шыққан балаларды, сондай-ақ ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды (54,7%) төмен қамту жағдайынына байланысты өзекті болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды елімізде «Балалар жылы» деп жарияланғаны баршаңызға аян. Осы орайда Шымкент қаласындағы 242 525 оқушының 179 468-і (74%) қосымша біліммен қамтылып отыр.

Адамның танымдық және шығармашылық мотивациясын дамытуды мақсат еткен қосымша білім беру мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеу, оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 4  млрд. 672 млн. теңге қаржы қаралған.Оның ішінде, денешынықтыру және спорт басқармасы арқылы 2 млрд. 323,0 млн. теңге қаралып, он төрт мың баланы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы арқылы 2 млрд. 349 млн теңге қаржы қаралып, он алты мың бала қосымша спорт және мәдениет секцияларымен қамтылуда.

Балаларға қосымша білім беру – үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамытуға, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған көп деңгейлі білім жүйесі. Қазіргі қоғам жалпы ұстаз қауымына жаңа талаптар қойып отыр. Мұғалім – рухани дамыған, шығармашыл тұлға, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберлік иесі, жаңалыққа құштар, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіруші маман. 

Мұғалім өз пәнін шебер меңгеруімен қатар, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала болжап, кемшіліктерін түзете білетін құзыретті тұлға болуы тиіс. Осы педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда бағыт-бағдар беретін,  жол сілтейтін  әдістемелік қызмет болса, сапалы әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру –әдіскер ұстаздың  құзыретіндегі жұмыс.

Балаларға қосымша білім берудің құндылығы жалпы білімдегі вариативтік құрауды күшейтеді және балалардың өзін-өзі кәсіби деңгейде ұстауға, мектептің базалық компонентінде алынған олардың білімін, күшін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қалалық білім басқармасына қарасты 138 орта білім беру мектебі, алты дарынды балаларға арналған мектеп, 4 кешкі мектеп, бес арнайы, 71 жеке меншік білім беру ұйымдары, отыз тоғыз колледж бен 11 қосымша білім беру ұйымдары жүйелі жұмыс жасап келеді.

Оқушыларымыз мектептердегі үйірмелерден тыс 11 қосымша білім беру ұйымдарында білім алатын жеткіншектеріміз де бар. Мәселен, «Саз-өнер» мектептері, спорт, бейнелеу өнері мектептері, Оқушылар сарайы үйірмелері қосымша білім беру қызметімен айналысып, баланың бейімділігіне қарай олардың қабілетін ұштап, өмірден өз орнын табуға бағыттайды. Бірақ, қосымша білімге «қосымша» деп қарайтын ескі көзқарас та жоқ емес.

Баршаңызға аян, қосымша білім беру елімізде қос бағытта жүзеге асып жатыр. Біріншісі, айталық, баланың өнер саласына кәсіптік бағытта бір мамандыққа әуестігі болса, оны осы салаға бейімдейміз. Бұл – баланың ән айтуға не биге, аспапта ойнауы не болмаса, безендіру, бейнелеу өнеріне деген құмарлығы. Екінші жағынан, кәсіби тұрғыдан балаларды экономикалық ахуалға сәйкес, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол ашамыз. Әдетте оқушы баланың бойындағы 12-14 жас шамасында туған әуестік не қабілет, егер оған дем беріп жіберетін болсақ, оның болашағына жол ашады.

Бұл – бала психологиясындағы заңдылық. Ұстаз оқушысының дәл осы жастағы қабілетіне аса мән бергені дұрыс. Осы орайда, «Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім» білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы аясында «Қосымша білім беру – балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту әлеуеті» тақырыбында Қазақстан Республикасының қосымша білім беру педагогтерінің дәстүрлі секциясы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен биылғы тамыз айының 04-06 күндері аралығында, жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласында, «Оқушылар сарайының» базасында өткізіліп, бұл отырыс Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілері арқылы көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 4-5 тамызында «Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім» атты білім беру саласы басшыларының республикалық тамыз форумы аясында республика қосымша білім беру педагогтерінің дәстүрлі секциясы ұйымдастырылды. Пленарлық отырысты  Оқушылар сарайының «Рәміздік тобы» дабылшылары бастады. Үгіт тобы өнерпаздары ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, үш тілде өлең-шумақтарын арнады.

Жиынды әрі қарай Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Г. Кәрімова. ҚР  Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р. Шер, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э. Әзімова, «R4 Technology & Research Center» білім беру- зерттеу орталығының директоры А. Тусюбжанов «Мектеп-ЖОО-қосымша білім беру» ынтымақтастық шеңберінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру О. Михайлова, БҚО балалар-жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығының Экология бөлімінің меңгерушісі Н.Гатауов, Ресей білім беру робототехника қауымдастығының оқу-әдістемелік орталығының президенті В. Халамов (Мәскеу қ.), “Қозғалыстағы өнер” халықаралық байқауының бас директоры В. Стойчев, Қостанай қаласындағы балалар шығармашылығы мектебінің қосымша білім беру педагогі И. Винс баяндамалары тыңдалып, ой бөлісті.

Пленарлық отырысқа жалпы екі жүз педагог қатысқан болатын. Секциялар жалғасып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Скрипкашы,сиқыршы және ұлы музыкант, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Нью-Йорктегі Джаз қауымдастығының мүшесі, 2006 жылғы Монте – Карлоның алғашқы скрипкашысы Ж.Серкебаеваның өнер көрсетуі секцияға қатысушылар үшін ерекше сыйлық болды. Жиырма үш диалогтық алаң жұмысына (4 тамыз) онлайн режимінде жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 2 300 педагогы мен басшылары, мектептегі өзін-өзі басқару үйлестірушілері, пікірсайыс клубтарының, ҮЕҰ басшылары, ата-аналар қоғамдастығы іс-шараға белсенді (жалпы 4000 педагог) қатысты.

Бұл ауқымды конференцияда білім саласында, оның ішінде қосымша білім беру бағыты, инклюзия бағдарламасы бағытындағы өзекті сұрақтар талқыланды. Күн тәртібінде жаңа оқу жылына оқушылардың дайындығы, оларға қолайлы жағдай жасалуы  туралы мәселелер де қозғалды. Раиса Петровна Шер бастаған ауқымды конференцияда еліміздің жан-жақтан келген әріптестеріміз өздерінің бала дамыту бағытындағы түрлі инновациялық жұмыстарын көрсете білді.

Тіпті көршілес мемлекеттерден келген әріптестеріміз де өздерінің біздермен бөлісетін жаңартылған әдістемелерімен бөлісті. Ресейден келген әріптес-қонақтарымыз бала мүддесі үшін жасап жатқан барлық игі істеріміз туыстас (ұқсас) екенін атап өтті. Сырт елден келген қонақтар конференцияның жоғары денгейде өтіп жатқандарына ризашылығын білдіріп, өздерінің жылы лебіздерін жолдады.

Қосымша білім беру саласының проблемаларын табысты талқылау және шешу мақсатында алаңдардың жұмысына қатысу үшін өз жұмыс тәжірибесін ұсынып қана қоймай, онымен алмасу үшін ғалымдар мен практик-педагогтер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіби қоғамдастық үшін өзекті тақырыптар ретінде кадрлық әлеуетті дамыту, бейресми білім беру мүмкіндіктері (технопарктер, мұражайлар, кітапханалар, мектептен тыс үйірмелер), жаңа нәтижелерге арналған жаңа технологиялар, білім беру жобалары, оқушылардың қазақстандық қозғалысы және тағы да басқалар қарастырылады.

Пленарлық отырысқа салалық ведомстваның, қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерден (Ресей Федерациясы, Болгария Республикасы) серіктестер қатысты. Спикерлер оқушылардың пікірсайыс қозғалысын, өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған республикалық жобаларды іске асыруға назар аударылып, технологиялық білім берудің, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық қызметтегі инновациялардың жаңа форматтарын ұсынады.

Балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың көркем-эстетикалық, музыкалық шығармашылығын дамыту мәселелерін талқылады. Таныстыру практикалары шеңберінде қатысушылар балаларға қосымша (мектептен тыс, бейресми) білім берудің қажеттілігін, тартымдылығы мен нәтижелілігін дамытудағы әртүрлі ұйымдардың ведомствоаралық, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің мүмкіндіктерімен танысты.

Қатысушыларға оқушылар арасындағы пікірсайыс турнирінің көрсетілім зияткерлік ойынына, «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы сауаттылық. Театр өнері арқылы бейнелі ойлауды дамыту», «Хобби палитрасы», «IT құзыреттілікті дамытудың 5 нақты қадамы» және басқа да пікірталас алаңдарының жұмысына қатысуға бірегей мүмкіндік берілді. Жігіттердің жаңа оқу жылына арналған жылы лебіздері мен ізгі тілектері эмоциялар теңізіне ұласты.

Мектеп өмірі жастық пен балалық шақтың үнімен сөйледі. Өте әсерлі, талантты және шабытты балалар өздерінің «ересек және мейірімді, дана және сезімтал» мұғалімдеріне өнер көрсетті. Ашық микрофон барысында қосымша білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары бойынша конференцияға қатысушылардың барлық ұсыныстары айтылды. Сондай-ақ, қатысушылар үшін Түркістан қаласына танымдық экскурсия қарастырылған, онда педагогтар тарихи орындарға барып қана қоймай, жаңа «Оқушылар сарайының», «Балалар өнер» мектебінің қызметімен танысты.

Өте бай бағдарламаға қарамастан және бұл қосымша білім берудің барлық бағыттары бойынша шеберлік сабақтары, демонстрациялық дебат ойындары, секцияға қатысушылардың кешкі команда құруға пісірілген картоппен от жағуға қатысуы, барлығы қызығушылық танытты. Кешке қарай кәсіби шеберлік бойынша шеберлік сабақтарындағы естен кетпес минуттар туралы әңгімелесу, пікір алмасу, одан кейін мекенжай, ұялы телефон, электронды пошта алмасу болды.

Қала әкімдігіне және жергілікті білім бөлімінің тату ұжымына Қазақстан Республикасының балаларға арналған қосымша білім беру педагогтерінің секциясын ұйымдастыруға, өткізуге қолдау көрсеткені, көмектескені үшін Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы алғысын білдірді. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс.

Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Ол үшін бірінші шығармашылыққа бет бұрған оқушының  отбасымен қосымша білім беру педагогінің тығыз байланысы,ынтымақтастығы бірінші орынша шығады.Өйткені шығармашыл тұлғаның қалыптасуына педагог пен қатар отбасының ролі жоғары. Егер  отбасы дарынды баланы толық қолдамаса, онда баланың шығармашылық болашағы тоқтап қалуы әбден мүмкін.

Баланың шығармашылық жетекшісі балаға жақсы білім бергенімен,отбасындағы қолдауға үнемі зәру. Сондықтан шығармашылық орталықтар (қосымша білім беру) дарынды оқушымен жақсы нәтижеге жетуі үшін,оның отбасымен байланысының маңызы зор. Байланыстың дұрыс жолға қойылуы педагог пен ата-ананың ынтымағында деп есептеймін. Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шарадағы тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденістер келешекте нәтиже береді деген сенімдемін.

Жанат Арысбекқызы ТАЖИЕВА,
Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий