ҚР Ғылым және жоғары білім министрі әлемге әйгілі HUAWEI компаниясы өкілдерімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлемге әйгілі HUAWEI компаниясы өкілдерімен кездесті. Телекоммуникациялық нарықтағы жетекші компанияның еліміздегі өкілдері өз жетістіктері мен озық технологиялары жайлы баяндады. Ғылым мен жоғарғы білім саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтып, осы бағытта ынтымақтастық орнатуды көздейтіндерін жеткізді, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

Министр Саясат Нұрбек бұл ұсыныстарды қолдап, компания өкілдерін тамыздың 24-25 күндері елордада өтетін “Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы” атты ғылым мен жоғары білім форумына қатысуға шақырды. Сол жерде жоғары оқу орындары басшыларына осы тұсаукесерді көрсету қажеттігін айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий