2021 жылдан бастап ел бойынша жеті жүзден астам балабақша ашылды

Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов балабақша кезегінде тұрғандар азайғанын айтты.

– Жыл сайын Қазақстанда бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл тұрғыда қазірден бастап балаларға жағдай жасау мүмкіндіктерін іске асыру керек. Осы орайда оларды сапалы мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етуіміз маңызды, – деді Ералы Ұлықпанұлы отандық педагогтердің республикалық тамыз конференциясында жиналғандар алдында сөйлеген сөзінің барысында. 

Оның айтуынша, осы бағытта мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне талаптарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. – Мелекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту аясында Үкімет жүргізген жұмыстың арқасында жекеменшік балабақшалардың 47 пайызы кезекте тұрғандарды 30 пайызға қысқартуға ықпал етті. Тек 2021 жылдан бастап ел бойынша 700-ден астам балабақша ашылды. Бұл өз кезегінде өте жақсы нәтиже, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий