“Бояулар құпиясы”: Ақмолалық жас суретшілер облыстық байқауда өнер көрсетті

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында «Рухани жаңғыру» мақала-бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бояулар құпиясы» облыстық жас суретшілер байқауы өтті, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау. Байқауға 10-13 жас және 14-17 жас аралығындағы екі жас санаты бойынша Ақмола облысының 11 ауданынан және Степногорск, Көкшетау қалаларынан жас суретшілер сайысқа түсті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау келесі номинациялар бойынша өтті: «Менің елім – менің жерім» «Таланттар палитрасы». Қазылар алқасы Ш. Уәлиханов атындағы КУ-нің, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің және Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің білікті мамандарынан құралды.

Байқаудың қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарды иеленді: “Менің елім – менің жерім» номинациясы: 1 орын–Амрин Карим– Бурабай ауданы, Щучье қ., БЖШО (10-13 жас санаты); 1 орын–Зуйко Амалия– Сандықтау ауданы, Лесное ЖББМ (14-17 жас санаты); 1 орын–Ибрашева Жасмина– Жақсы ауданы, Жаңа-Қима ауылының Г.Абдрахманов ат. ЖББМ (14-17 жас санаты).

«Таланттар палитрасы» номинациясы: 1 орын –Амиржанова Аяна– Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (10-13 жас санаты); 1 орын –Билялова Аллель– Сандықтау ауданы, Лесное ЖББМ (10-13 жас санаты); 1 орын– Сабит Аймира– Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (14-17 жас санаты); 1 орын –Коваль Виктория– Зеренді ауданы, БЖШО (14-17 жас санаты).

«Менің елім – менің жерім» номинациясы: 2 орын – Мұхамедиев Данияр –Целиноград ауданы, Қараөткел №1 жалпы орта мектебі (10-13 жас санаты); 2 орын – Коршунова Анастасия – Астрахан ауданы, Астраханка а. БЖШО (14-17 жас санаты); 2 орын – Есенбай Әлия – Степногорск қаласы, Ю.А. Гагарин ат. №7 ЖОББМ (14-17 жас санаты).

«Таланттар палитрасы» номинациясы: 2 орын – Эйвазова Эльмира – Жарқайын ауданы, Державинск қ. БЖШО (10-13 жас санаты);  2 орын – Алибекова Гульмира –Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» (10-13 жас санаты); 2 орын – Альбиева Камиля- Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (14-17 жас санаты); 2 орын – Тулегенова Гульсум – Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» (14-17 жас санаты).

«Менің елім – менің жерім» номинациясы: 3 орын – Жакенова Амалия – Сандықтау ауданы, Лесное ЖББМ (10-13 жас санаты). «Таланттар палитрасы» номинациясы: 3 орын –Черненко Василиса– Ақкөл ауданы, БЖШО (10-13 жас санаты); 3 орын – Плотникова Виктория – Есіл ауданы, БЖШО (14-17 жас санаты).

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Олардың жетекшілеріне Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий