Атыраулық ұстаз “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында педагогтердің республикалық тамыз конференциясы аясында бір топ ұстаз ҚР Премьер-Министрі орынбасарының құрмет грамотасымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталған болатын, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Соның ішінде Кіші өнер академиясының ұлағатты ұстазы, абыройлы әріптес, жастарға үлгілі парасатты педагог Маусым Бекмұханова “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” атанды. Еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетовтің қолынан арнайы төсбелгі мен марапатқа ие болған әріптесімізді лайықты жүлдесімен құттықтаймыз.\
Көп жылдар бойғы ерен еңбегіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен қызметтік қабілетіңіз көпке үлгі. Осы абыройлы қалпыңызда әлі талай белесті бағындырып, шәкірттеріңіздің сүйіктісіне айналып жүре беріңіз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий