Түркістан облысында мектеп оқушыларына қажетті тауарлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылуда
Мақтаарал ауданынында Республикалық “Мектепке жол” науқандық акциясы аясында Мырзакент кентінің орталық алаңында мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарын сатушыларының қатысуымен аудан тұрғындары үшін жәрмеңке ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына нақты көмек көрсету болып табылады. \
Жәрмеңкеге облысымыздың бірнеше кәсіпкерлері оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. 10-15 пайыздық жеңілдіктер ұсынып отыр. Ауданымыздың оқушыларына қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық кәсіпкерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз.