Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті білім басқармаларына мектептің сапасын тексеретін құзірет беру ұсынысы айтылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова баспасөз орталығында еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу кезінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті білім басқармаларына мектептің сапасын тексеретін функция беру қажет деген ұсыныс айтты, – деп хабарлайды “Аманат” республикалық партиясының баспасөзі.

 

– Кейбір мектептер құрылысы жүргізілгенмен, бір жылға жетпей апаттық мектепке өтіп жатады. Оның себебі – құрылыс сапасының төмендігі. Кейін үш жыл өткенде  мектеп басшылығы құрылыс компаниясымен оның мердігерін таппай қалады, – деді Жұлдыз Досбергенқызы. Депуттаттың пікірінше, мектеп ұжымы жаңа мекеменің сапасын көре алатын құқық берілуі керек.

Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті білім басқармаларына мектептің сапасын қарайтын функция беру қажет деп ойлаймын. Біз өңірлердегі мектептің салынуын тексерген кезде білім басқармасы тек бізбен бірге кіре алды. Жалпы, құрылыс жүріп жатқан уақытта білім басқармасы не  мектеп директоры барып көруіне ешқандай мүмкіндігі жоқ.

Себебі олардың заңды түрде бақылау функциясы белгіленбеген. Негізі мектеп құрылысы аяқталғаннан кейін оны қолданатын білім ұжымы. Бұл мәселе заңнама аясында бекіту керек, – деді «Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий