Алматылық зияткер Ерсұлтан Пітебай астрофизика және астрономиядан халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Ерсұлтан Пітебай 12 – 22 тамыз аралығында өткен IOAA (International Olympiad on Astronomy and Astrophysics) астрофизика және астрономия бойынша Халықаралық олимпиаданың алтын медаль иегері атанды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Беделді турнирде Қазақстан намысын Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Ерсұлтан Пітебай мен Ахмаджон Табаров қорғады. IOAA (International Olympiad on Astronomy and Astrophysics) мектеп оқушыларының астрономия мен астрофизикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. 15-ші олимпиада Грузияда ұйымдастырылып, 46 елден 250-ге жуық жоғары сынып оқушылары бақ сынасты.
Загрузка...