Қазақстандық кәсіпкерлердің IQanat жобасы жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеуде

IQanat-2022 білім беру бағдарламаларының түлектері болып табылатын ауылдық оқушылардың жоғары оқу орындарына түсу нәтижелері белгілі болды. IQanat High School of Burabay мектебінің барлық 118 түлегінің ішінен ҚР БҒМ, Назарбаев Университеті және шетелдік жоғары оқу орындары шәкіртақысын гранттық қаржыландыруларына 102 адам, яғни 86,44%-ы түсті, бұл өткен жылға қарағанда 1,5% – ға жоғары көрсеткіш, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Грантқа түскен 102 түлектің ішінен 5 – еуі Литваға, 3 – еуі Ресейге, 2 – еуі АҚШ – қа, 15 – і Назарбаев университетіне, 77-сі ХАТУ, ҚБТУ, ҚАЗГЗУ, ҚазҰМУ, ЕҰУ сияқты т.б. өзге қазақстандық жоғары оқу орындарына түсті. Жуырда IQanat түлектері Қазақстан мен әлем бойынша өз университеттеріне аттанады: Manitoba University (Канада), Michigan State University (АҚШ), Arizona State University (АҚШ), Portland State University (АҚШ), Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей), “Экономиканың Жоғары Мектебі» Ұлттық зерттеу университеті (Ресей)), Vitautus Magnus University (Литва), Halic University (Түркия), Heriot-Watt University (Дубай) және басқалары.

Қор IQanat-тың үш түлегі Алмасұлы Елхан, Жамбыл облысынан Дүйсенбек Әсем мен Шығыс Қазақстан облысынан Ғұмарұлы Ілиястың «бакалавриат» бағдарламасы бойынша түрік университеттері Anadolu University, Akdeniz University және Canakkale Onsekiz Mart University-ге Түрік үкіметтік Turkiye Burslari грантынан 4 жылға толық қаржыландыру ұтып алғанын атап өтті. Бұл байқауға Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам өтінім қатысқан болатын.

Берілген грант оқуға, тұруға, ұшуға және визалық рәсімдерге қатысты барлық шығындарды өтейді. 2021 жылы Румыния Үкіметінің толық грантын жеңіп алған IQanat мектебінің түлегі Румыния Үкіметінің есебінен Бухарест экономика және бизнес университетінде табысты білім алуда. Мұндай үкіметтік гранттар Қордың білім беру бағдарламаларының жоғары  деңгейдегі дайындығы мен бәсекеге қабілеттілігін растайды.

– Қазақстандық кәсіпкерлердің IQanat жобасы еліміздің оқушылары арасындағы әлеуметтік әділдікті қалпына келтіреді. Біз ауыл білімін дамытамыз, ҚР қалалық және ауылдық оқушылары арасындағы білім беру сапасындағы 1.5 жылдан 3 жылға дейінгі қазіргі алшақтықты қысқартып, әрбір оқушыға мүмкіндік береміз, осылайша бәсекеге қабілетті жаңа қазақстандықтарды нығайтамыз, – деп атап өтті IQanat Қорының гранттар жөніндегі директоры Гульмира Байхожаева.

Қордың барлық жұмысы 92 жанашыр қамқоршы-кәсіпкерлердің қолдауы мен қосқан үлесінің арқасында мүмкін болды. IQanat басқа кәсіпкерлерді де осындай маңызды миссияға қамқоршылары қатарына қосылуға шақырады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий