Білімге ұмтылу – табыстың кепілі

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әлемнің жетекші университеттерінде элективті онлайн курстарынан өтті. Элективті курстар NIS жүйесіндегі қосымша білім беру түрлерінің бірі болып табылады. Жоғары оқу үлгерімдері үшін 11-сынып оқушылары Дамир Қабылбек пен Жазира Ысқақова Гонконг университетінің курстарында пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

— Мен әрқашан химия мен биологияға қызығатынмын. Бірақ мен нейробиологияны да ашуды шештім. Біздің курс төрт күнге созылды және оны Оттава университетінің және Гонконг университетінің профессорлары жүргізді. Бұл курс бізді ми туралы ғылымның негізгі бөлімдерімен, жүйке жасушасының құрылысымен таныстырды. Мүмкін мен болашақ мамандығымды дәл осы бағытпен байланыстыратын шығармын, — деді Дамир Қабылбек сұхбатында.

Химиядан республикалық және желілік олимпиадалардың жеңімпазы Жазира Ысқақова үшін «Инженерия» курсы жаңа оқу саласына айналды. — Мектепте мен химиядан да, биологиядан да білімімді сынадым. Практика жағынан бағдарламалауды ұнатамын. «Өнертапқыш бөлігі» – инженерияны мен өзім үшін аша алам ба – бүгінгі таңдағы мен үшін ашық сұрақ. Осы берілген мүмкіндіктің арқасында мен өзімнің сұрағыма жауап алуға тырысамын», — дейді Жазира.

Ерланұлы Нұрсултан

11-сынып оқушысы Томирис Рақымбай «Физика» пәнін тереңірек меңгере алды. Ол Аризона университетінен онлайн курс өтті. Аризона университетінде ең танымал болып астрономия және астрофизика салалары саналады екен. Өз кезегінде Талдықорған қаласындағы NIS-тың төрт озат оқушысы Әміржан Емберген, Нұрсұлтан Ерланұлы, Ерасыл Нұрболұлы, Аружан Баяхмет Джонс Хопкинс университетінің дарынды жастар орталығында онлайн-тренингтен өтті.

Элективті онлайн сабақтар әртүрлі елдердің студенттерін біріктірді, бұл NIS оқушыларына көпмәдениетті ортадағы адамзаттың өзекті мәселелерін зерттеуге мүмкіндік берді. Курстардың айрықша ерекшелігі олардың практикалық бағыттылығы болды – зияткерлер топтарға бөлініп, түрлі тақырыптарда шығармашылық жобалар дайындады. 11-сынып оқушысы Әміржан Ембергеннің шығармашылық жобасы «Заманауи криптография» тақырыбына арналды. Әміржан өзінің серіктесі, Атыраудағы NIS оқушысымен бірге Цезарь шифріне негізделген жеке криптожүйесін жасай алды.

Джонс Хопкинс дарынды жастар орталығы (CTY) 1979 жылдан бері дарындыларға арналған білім беру саласындағы танымал көшбасшы болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий