Сапалы оқыту үшін жағдай жасау

Облыс әкімінің төрағалығымен “Білім берудің басты құндылықтары: тәрбие мен оқытудағы адамгершілік бағыттар” білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы өтті. Архимед Мұхамбетов өз сөзінде облыста білім беру саласын дамыту үшін көптеген жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы 3 жылда білім беру жүйесін қаржыландыру 3 есе ұлғайды. Осы жылдың өзінде бұл салаға 149 млрд.теңге бөлінді. Жаңа оқу жылында Қарабалық ауданында 320 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп пайдалануға беріледі. Облыс орталығында қарқынды дамып келе жатқан «Береке», «Қонай» шағын аудандарында 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қарабалық ауданының Гурьянов ауылы мен Қостанай ауданының Еңбек ауылында әрқайсысы 100 орынға арналған екі мектептің құрылысы басталмақ.

Жалпы айтқанда, 2025 жылға дейін облыста 9120 орынды құрайтын 14 жаңа мектеп ашылады. Балалар жылында негізгі міндеттердің бірі әр баланың өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін кеңейту. Облыс орталығында биыл 2 ауысымда 1 200 баланы қамтитын заманауи Смарт-орталық құрылысының басталатыны айтулы оқиға болып табылады, мұнда модельдеу, роботты техника, виртуалды шындық үйірмелері, сондай-ақ химия-технологиялық зертхана жұмыс істейді.

Оқыту мен тәрбиелеудің қолайлы жағдайларын жасау үшін жыл сайын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, биыл 108 білім беру объектісін (20-күрделі, 88-ағымдағы) жөндеуге 7 млрд.теңге бөлінді. Материалдық-техникалық база нығаюда. Осы мақсаттарға 2,2 млрд. теңге бағытталды, соның арқасында облыс мектептерінде жаңа спорттық жабдықтар, оқушы жиһазы сатып алынды, мектеп автобустарының паркі жаңартылады, заманауи оқу кабинеттері мен STEM зертханалар сатып алынады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий