Жаңа оқу жылына дайындық: Орал қаласындағы мектептер үшін жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттер алынды
Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласы мектептері жаңа модификациялық кабинеттер жабдықталды. «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» бағдарламасы бойынша білім ұйымдары физика биология, химия, география, информатика, математика, қазақ тілі, тарих, АӘД, еңбек мен Stem-лаборатория, лингафон кабинеті, дефектолог-логопед кабинеттерін алу жоспарланған болатын, – деп хабарлайды Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта №4, 5, 9, 10, 12, 19, 21, 22, 24, 26, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 49 және Круглоозерный мектептерінің кабинеттері жабдықталды. Сонымен қатар бірнеше мектепке кабинеттерді жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пәндік кабинеттерді жабдықтаумен қатар мектептерге интерактивті тақта, ақпараттық киоск алу және оқушылар үшін рухани жайлы орта қалыптастыру мақсатында коворкинг орталықтарын ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілуде.
Загрузка...Айта кетейік, өткен жылы мектептерге жалпы саны 62 кабинет сатып алынған болатын. Заманауи талапқа сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – білім беру сапасын жақсартуда оң ықпалын тигізетін маңызды фактор.