Қостанай облыстық білім басқармасы: Үрдістер мен перспективалар
Жаңа оқу жылында білім беру саласында бірқатар жаңашылдық енгізілді. Бұл облыстың 112 мыңнан астам оқушысына, оның ішінде бірінші сыныптың 11,7 мың оқушысына қатысты. Мемлекеттік тілде оқытатын бірінші сынып оқушылары орыс және ағылшын тілдерін оқымайды. Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан басталады. Ал орыс тілінде оқитын бірінші сынып оқушылары ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап оқиды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Балаларды ерте кәсіби бағдарлау мақсатында 1 сыныпта «Көркем еңбек» пәні – «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» екі пәнге бөлінді. Сондай-ақ мектептерде оқушылармен «педагог-кәсіби бағдар беруші» жұмыс істейді. Бесінші сыныптан 9-сыныпқа дейін екінші жыл өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бойынша «Жаһандық құзыреттер» курсы жүргізілетін болады. Осы курс сабақтарын әзірлеуге біздің облыстың 23 педагогы белсенді қатысқанын атап өткім келеді.
Сонымен қатар, жаңашылдықтың бірі – оқу жылының ұзақтығы, ол 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жалпы, балалар 173 күн оқиды, ал 192 күн демалады. Мектептер 5 күндік жұмыс аптасына көшеді. Биыл 54 мыңға жуық оқушы, ал бұл жартысынан астамы – оқу жылын «жақсы» және «өте жақсы» деген бағамен аяқтады. Облыстағы 9 мыңнан астам 9 сынып оқушыларының 591-і үздік аттестат алды.
11 сыныптың 3 мыңнан астам түлегі ҰБТ-ға қатысты, олардың 90% шекті балл алды, 39% грант иегерлері атанды. Барлық педагогтердің маңызды міндеті «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы ықпал ететін оқу идеясын ілгерілету болып табылады. Ол үшін соңғы 2 жылда қазақстандық, әлемдік классиктер мен замандастардың 292 млн.теңгеге көркем туындылары сатып алынды, 140 млн. теңгеге 82 кітапхана жаңғыртылды, coworking-орталықтар ашылуда.
Загрузка...Әрбір балабақшаның, мектептің, колледждің «өз бет-бейнесі», өзіндік тұжырымдамасы мен даму моделі, өршіл педагогтері болуы керек. Тек осылай ғана жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, табысты оқушыларды тәрбиелеуге болады!