Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандар орындалды (2021 жылғы 1 қыркүйек)

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. (2021 жылғы 1 қыркүйек). АЙТЫЛДЫ: – Жаһандық өзгерістер жағдайында алған білім түлектің еңбек нарығына шыққанға дейін ескіруі ықтимал. Сондықтан бейінді министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа болмысқа бейімдеу бойынша кезек күттірмейтін міндет тұр.
ОРЫНДАЛДЫ: – ЖОО білім беру бағдарламаларының тізілімінде 8240 ББ тіркелген (бакалавриат – 3793, магистратура – 3297, докторантура – 847, интернатура – 3, резидентура – 280, мамандар – 20). Жыл сайын ББ тізілімі 50% жаңартылып отырады. – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне пәнаралық сипаттағы 2952 жаңа және 279 инновациялық бағдарлама енгізілді. – “Жаңа кәсіптер атласының” перспективалық кәсіптерін ескере отырып, ББ жаңарту алгоритмі әзірленді, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
– 259 білім беру бағдарламасы жаңа кәсіптер атласымен қатынаста, 239 жаңа кәсіптің 53-і, 82-і трансформацияланатын атластық кәсіптің 18-і қамтылған. Жаңа ББ әлеуметтік-жеке құзыреттер, жобалық ойлау, жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдылары, корпоративтік басқару саласындағы дағдылар сияқты дағдыларды алуды көздейді. – Білім беру бағдарламаларының сараптамасы бірнеше кезеңде, оның ішінде инновациялық бағдарламалар үшін-3 кезеңде енгізілді.
ББ тізілімін сараптау және жүргізу жөніндегі жұмысты оңайлату және жеделдету мақсатында тізілімнің ақпараттық жүйесі жетілдірілді. – Жоғары білім беру саласында 2022 жылы ЖОО-лар кәсіптік стандарттар мен жаңа кәсіптер атласы негізінде ББ-ның шамамен 37% – ын жаңартты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий