Қарағандылық NIS оқушысы MIT университетінде тағылымдамадан өтті
Назарбаев Зияткерлік мектептері бағдарламасы аясында қарағандылық NIS-тің оқушысы Әмір Әлмуханов әлемнің беделді университеттерінің бірі – Массачусетс технологиялық институтында тағылымдамадан өтті. Ғылым ордасында оқушы жаңа зерттеу дағдыларын игерді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Әмір Әлмуханов химия пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері. Өткен жылы ол 55-ші халықаралық Менделеев олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын. Зияткер алты апта бойы кванттық фотоника саласындағы зерттеулермен айналысатын профессор Дирк Энглундтың тобында тағылымдамадан өтті.
Әмірдің айтуынша, зерттеу жұмысына қажетті білімді игеру үшін оған бірнеше апта өз бетімен оқу қажет болған. Оқушының зерттеу жобасы – сақиналы резонатор мен празеодимия кешендеріне негізделген кванттық жадты модельдеу. – Зерттеу процесі барысында маған докторант Юкин София Дуан көмектесті. Софияның, сондай-ақ тьюторлар ментексерушілердің көмегі арқасында мен айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, жобамды сәтті қорғап шықтым.
Алайда алдағы уақытта жоба бойынша жұмысты жалғастыру жоспарда жоқ. Өйткені бірінші кезекте университетке түсіп, математика мен электродинамикада қажетті білімді игергенім дұрыс деп санаймын. Тек содан кейін кванттық фотоника саласындағы зерттеулерге қайта оралмақпын, – деп бөлісті ол. RSI бағдарламасы Әмірге ұмытылмас әсер қалдырды.
Оқушы зерттеу процесі негіздерін үйреніп қана қоймай, жаратылыстану-математикалық бағытында үздік танылған түрлі елдің студенттермен танысып, жаңа достар тапқан. – Бағдарламаның ең маңызды бөлігінің бірі жаңа таныстар табу деп ойлаймын. Басқа қатысушылар сияқты мен де бұл мүмкіндікті қадірлеп, олармен байланыста болуға тырысамын. Сонымен қатар, тағылымдама маған әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі MIT кампусын көріп, оның студенті болу қандай екенін сезіндім, – деп атап өтті зияткер.
Алда Әмір химия немесе физика саласында бакалавр дәрежесін алуды жоспарлап отыр: – Ұзақ мерзімді перспективада мен ғылым докторы дәрежесін алып, зерттеуші ғалым болсам деймін. Нақты зерттеу саласы туралы шешім қабылдаған жоқпын, бірақ бағдарлама аясында зерттеген кванттық фотониканы бір бағыт ретінде қарастырғым келеді.
Загрузка...