LEADER TOPIQ: Республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Отандық тұңғыш электрондық оқулықтар платформасының қолдану аясын кеңейту мақсатында 2021 жылдың желтоқсанында республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы жарияланды. Өтінім қабылдау мерзімі 6 айға созылып, еліміздің 19 облысынан 446 бейнематериал қабылданды. Байқау білім беру саласында жүрген педагогтер мен оқушыларды қамтыды. 28 ер азамат, 156 әйел, 204 оқушы және 58 студент байқау шарттарын орындады. Екінші кезеңге 124 қатысушы өтті. Республика бойынша 8 өңірден 30 жеңімпаз анықталды. Олар облыстық тамыз жиынында марапатталады.

Олар: видеоның сапасы; мазмұны мен тақырыпты ашуы; видеоның креативтілігі. Нәтижесінде, мемлекетіміздің 19 өңірі арасынан сегіз аймақ оза шауып, 28 қатысушы үздік атанды. Жеңімпаздарды марапаттау дәстүрлі Тамыз конференциясы аясында елордасынан бастау алды. Тамыз айының 19-ы күні “KidsEXPO” жәрмеңкесі төрінде бас қаланың бес жеңімпазына қаржылай серттфикаттар мен басқа да құнды сыйлықтарды “Білімді ел-Образованная страна” республикалық газетінің  бас редакторы Ләззат Мақсұтқызы Түркістанова және Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі бас эксперт Сүлейменов Марат Бекбосынұлы табыстады.

Ал, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 Ұлттық гимназиясының ұстазы мен оқушылары TopIQ білім беру платформасының артықшылығын жиналған көрермендерге паш етті. Салтанатты іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, республикалық пленарлық отырысқа келген әр өңірдің ұстаздары, оқу бөлімдерінің басшылары, Хабар, Қазинформ, Қазпресс сынды еліміздің танымал бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Нұр-Сұлтан бойынша келесі тұлғалар жеңімпаз болды.

«Үздік ұстаз» номинациясы бойынша 1 орын: №62 мектеп-лицейдің ұстазы Салқынбаева Жанар Мауленқызы. «Жас дәурен» номинациясы бойынша 3 орын: №62 мектеп-лицейдің оқушысы – Уалиева Нұрсая Мұратқызы; «Дарабоз» номинациясы бойынша 1 орын: №89 мектеп-лицейдің оқушысы – Қасымбекова Марал Мағзумқызы; «Білімді ер» номинациясы бойынша 2 орын: Шаймаханов Тимур Садуақасұлы.

«Ұлағатты ұстаз» номинациясы бойынша 1 орын: 62 мектеп-лицейдің ұстазы – Тұрғамбекова Алма Базарғалиқызы. Арнайы “Үздік серіктес” номинациясы бойынша: Балғынбаева Карина Ғалиахметқызы. Республикалық деңгейде ұймдастырылған бірегей байқаудың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий