Білімнің басты жаңалықтары: отаншылдық. білімге құштарлық. еңбекқорлық 

Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі базасында “БІЛІМНІҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: ОТАНШЫЛДЫҚ. БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ. ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ” атты Қызылорда  облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі секциялық жұмысы өткізілді.

Шараға аймағымыздағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының директорлары мен орынбасарлары қатысты. Секция отырысын Қызылорда облысының білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Есенбаев Бекжан Шахизатұлы жүргізді.

«Талап» КЕАҚ-ның Президенті міндетін атқарушы С.Тәттібековтың бейне байланыс арқылы құттықтау сөзімен ашылған жиында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздықов «Дуальды оқыту жүйесіндегі кәсіпорынның ролі», облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж.Дәулетбаева «Аймақтың еңбек нарағының жұмысшы және орта буын кадрларына деген қажеттілік болжамы».

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің директоры Б.Әбдікәрімов «Жас маман» жобасы және халықаралық аккредитациядан өтудің өзектілігі», Абылай хан атындағы жоғары колледж директоры Р.Дүлдүл «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық», М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Ж.Тоғанова «WORLDSKILLS» халықаралық стандарттары негізінде кадрлар даярлау заман талабы» тақырыптарында баяндама жасады.

Қатысушылар баяндамашыларға көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ой-пікірлерін жеткізіп, секция отырысының ұсынымдары таныстырылды. Шараға қатысушылар Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің базасында ашылған құзіреттілік орталығы жұмысымен танысып, педагогтардың инновациялық – шығармашылылық көрмесін тамашалады.

Шәрбану Толыбайқызы БАЕКЕЕВА,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
директорының 
оқу жұмыстары жөніндегі
орынбасары, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий