Ақмола облысы: Оқу жылының басталуы қарсаңында аймақ жетекшісі 15 жаңа мектеп автобусының кілтін табыстады
Облыс орталығында Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлерінің “Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм” атты дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Іс-шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаев қатысты. Форум басталар алдында облыс әкімі салтанатты түрде Көкшетау, Степногорск қалалары мен бірқатар аудандардың білім бөлімдерінің басшыларына жаңа мектеп автобустарының кілтін табыс етті, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақ басшысының айтуынша, жаңа автобустар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп рюкзактарына арналған стеллаждармен, ашық есіктер кезінде қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған, жылдамдығы сағатына 60 км-ге дейін шектегіш бар. – Алынған техниканың арқасында ауыл мектептерінің оқушылары көптеген спорттық жарыстарға, ғылыми олимпиадаларға және облыстың барлық мәдени іс-шараларына қатысуға мүмкіндік алады, – деді өңір жетекшісі.
Загрузка...Атап өткен жөн, Ақмола облысының мектептеріне арналған автобустарды лизингтік бағдарлама бойынша сатып алуды “Өнеркәсіпті дамыту қоры”АҚ қаржыландырды. Техниканы өндіруші QazTehna ЖШС. Айта кетейік, бүгінгі күні балаларды мектепке жеткізу үшін 188 бірлік автокөлік құралдары жұмылдырылған, оның ішінде 121 автобус және 67 газел автокөлігі.