Батыс Қазақстан облысы: Бөрлі ауданының мектептеріне жаңа кабинеттер алынды
Жаңа 2022-2023 оқу жылы қарсаңында Бөрлі ауданының бірқатар мектептеріне жаңа модификациялық кабинеттер алынды. «шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы 5000 мектепті жаңғырту» бағдарламасы бойынша физика, биология, химия, stem-зертхана кабинеттері жабдықталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.

Атап айтсақ, Ақсай қаласының №1 ЖОББМ-де stem-зертхана, №2 ЖОББМ-де физика, №4 ЖОББМ-де физика, химия, биология, №7 ЖОББМ-де биология, Бөрлі №1 ЖОББМ-де физика, биология, химия, Бөрлі ЖОББМ-де физика, Приурал МББК-де физика кабинеттері жаңа үлгіде жабдықталды. заманауи типтік үлгідегі сыныптарға сенсорлы панельді тақталар мен жаңа парталар, көрнекіліктер орнатылды.
БҚО білім басқармасына қарасты Бөрлі
ауданындағы білім беру бөлімінің
баспасөз қызметі