Қарағанды облысы: “Мектепке жол” қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Қарқаралы ауданыда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы тарапынан «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Шараға ауданның барлық білім беру ұйымдары қамтылды.

39 білім беру ұйымдарынан көпбалалы 196 кәсіподақ ұйымының мүшелері анықталып, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі тарапынан оларға 3 млн. 920 мың теңге қайырымдылық көмектер көрсетілсе, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының Қарқаралы аудандық комитеті» филиалы тарапынан 38 білім беру ұйымдарындағы балалары алғаш мектеп табалдырығын аттайтын 145 отбасына 1 млн. 450 мың теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Шара барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының Қарқаралы аудандық комитеті» филиалы төрағасы А.Секербайұлы арнайы Қарқаралы қаласындағы академик О.Жаутыков атындағы жалпы білім беретін №1 мектеп ұжымымен кездесіп, мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылында жаңалықтармен таныстырып, 16 отбасына қайырымдылық көмектерін жеткізді.

Барлық білім беру ұйымдарында бастауыш кәсіподақ төрағалары бұл шараны өз ұжымдарында өткізуде. Аудан ұстаздары қайырымдылық көмек қолын созып, үнемі қолдау мен қамқорлық танытып отырған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне үлкен алғыстарын білдіреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий