Түркістан облысы: Келестік оқушы жалбызды косметика саласында пайдалануды зерттеді

Келес ауданы №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ералы Құрманай бірнеше жылдан бері «Жалбыздың емдік қасиеттері» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жазып келеді. Жас зерттеуші жалбыз өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасады, – деп хабарлайды осы аудандағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Жалбыздан дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарын зерттеді. Биология пәнінің мұғалімі, білікті педагог Жамбаева Арайдың айтуы бойынша бұл тақырып халық медицинасында көп зерттелгенмен, ғылыми тұрғыдан әлі де ізденісті қажет етеді: Жалбыздың адам денсаулығы үшін маңызы, ағзада  түрлі   аурулар туындау себебінен аурулардың алдын – алу шараларын молайтуға әсерін оқушыларға сабақ барысында түсіндіргенде Ералы Құрманай осы тақырыпқа қызығушылық танытты.

Бүгінгі таңда өз өлкеңе деген қызығушылықты арттырып, дәрілік өсімдіктің қажеттілігін түсіну, табиғатты қорғап, оның байлығын тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, қолдануды ұсынады. Сондықтан оқушым өз алдына мынадай мақсат қойды: дәрілік өсімдіктерді зерттеп, оның адам өміріне және адам ағзасына тигізетін пайдасын зерттеу, анықтау және насихаттау. Ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер көрсеткішінің ішінде тұрған өсімдіктің бірі – жалбыз,-дейді А.Жамбаева.

Дарынды оқушының зерттеу барысындағы ерекшелігі жалбызды косметика саласында пайдалану жолдарын ізденген.  Жалбыз адам өміріне қажетті өсімдіктерінің біріне жататындықтан сан түрлі косметикалық маскаларды жасауға болады.  Жалбыз көк тамырларды қатайтумен қатар, құрғақ теріні ылғалдатушы әсерімен танылған. Айта кету керек жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Оңтүстік өңірінде көп кездеседі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий