Еліміздегі ғылымды дамытудың моделі өзгереді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғимаратында Жас ғалымдар кеңесінің өкілдерімен кездесуінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың министрліктің алына қойып отырған 4 тапсырмасы қалай жүзеге асырылатынын айтып берді, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Ұлттық ғылым академиясын қайта құру; жоғары оқу орындары негізінде ғылымды дамыту; ғылымның бағыттарын айқындау; ғылыми саланы қаржыландыру тетіктерін қайта қарау жолдары жайлы әңгімеледі. Осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жас ғалымдар министрге өз ұсыныстарын айтып, ғылымды дамытуға үлес қосуға әзір екендерін жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий