Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз форумы ұйымдастырылды

Тамыз форумына Ақмола облысы мәслихатының хатшысы, Ақмола облысы бойынша «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы, аудандар мен қалалардың әкімдері, мемлекеттік органдардың, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, жоғары оқу орындарының басшылары педагогикалық еңбек ардагерлері, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Пленарлы отырыс кезінде мұғалімдер мен ата-аналар қауымдастығының 5 мыңнан астам өкілін қамти отырып Instagram мен Facebook-те тікелей трансляция жүргізілді. Конференцияда дәстүрлі түрде аймақтық білім беру жүйесінің өткен оқу жылындағы жұмысы қорытындыланып, жаңа оқу жылына арналған облыстың білім беру жүйесі жұмысының стратегиялық бағыттары анықталды. 

Конференция барысында үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрлі түрде жас мамандарға құрмет көрсетіліп, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий