Атыраулықтар кезекті жеңіс тұғырында

Семей қаласы, Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында XXIII республикалық Абай оқулары өтті, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. Ақын мұраларын дәріптеу мақсатында өткізілген бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен 126 оқушы қатысып, соның ішінде Атырау облысынан 6 оқушы бақ сынады.
Республикалық кезеңге 6 бағыт бойынша жолдама алған оқушылардың арасынан «өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша Атырау қаласы, Береке орта мектебінің 10-сынып оқушысы Елеуова Айзере III орынды иеленіп топ жарса, «ұлылар әлемі» бағыты бойынша Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11-сынып оқушысы Қаби Айдана I орынға ие болып, абыройымызды асқақтатты. Сондай-ақ, жетекшісі Сдихова Жайнагүлге “Дарын” РҒПО-ның “Алғыс хаты” табысталды.
Оқу жылын жағымды жаңалықпен ашып берген Айдананы гимназия директоры Нұрлыбек Ғилажұлы құттықтап, толағай табыстар мен жарқын жеңістер тіледі. Ауқымды шара Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінің ашық амфитеатрында өтіп, қатысушыларға Семей өңірінің тарихи орындарына саяхат жасалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий