Семейлік “SGMZ” командасы Германияға барады

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “SGMZ” робот құрастырушы командасы ағымдағы жылдың қараша айында Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 дүниежүзілік роботтар олимпиадасына жолдама ұтып алды.

Құрамында Исмаил Мухамедьяров, Жантолы Мұратқалиев сынды зияткер оқушылар бар жас құлтеміршілер бұл мәртебеге Нұр-Сұлтан қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында лайық деп танылды. – Аты оқу-жаттығу жиыны болғанымен, заты кәдімгі жарыстан кем емес шараға республикамыздың ең үздік деген робот құрастырушылары жиналды.

Исмаил мен Жантолы 4 күн бойы түрлі тапсырмаларды орындап, өз шеберліктері мен ұтқырлықтарын қазылар алдында дәлелдей білді. Нәтижесінде жүлделі ІІ орын алып, әлемдік деңгейде бақ сынау мүмкіндігі беріліп отыр, -дейді “SGMZ” командасының жаттықтырушысы, пән мұғалімі Бақытбек Орынбаев.

Семей қаласындағы физика-математика
бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз қызметі, Абай облысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий