Батысқазақстандық педагогтердің тамыз кеңесінде аймақтағы сала мамандарына жауапты міндеттер жүктелді

Оралда «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты облыстық білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Кеңесте өңірдің білім беру жүйесіндегі мәселелер талқыланды. Кеңестің пленарлық мәжілісіне Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Өтеғұлов қатысып, педагогтарды өткен оқу жылында қол жеткізген табыстарымен құттықтады, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Жыл аясында балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау, олардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету, шығармашылық тұрғыда дамыту мақсаты көзделген. Облыста білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жақсартуға мән берілуде. Сапалы білім беруге тиісті жағдай жасау үшін жылма жыл білім беру мекемелері күрделі жөндеулерден өткізіліп келеді.

Биыл 19 білім беру ұйымына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқтала келді. Қазіргі таңда облыста 10 үш ауысымдық және 6 апатты жағдайдағы мектептер бар. Бұл өзекті проблемаларды жою мақсатында бюджет есебінен алты мектептің құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылы 16 шағын жинақты мектептің құрылысы басталды. Қазіргі таңда Орал қаласында халықтың көптеп шоғырлануына байланысты үш ауысымды мектептердің саны сақталып отыр.

Осы ретте аталған мәселені шешу үшін мектеп құрылысына жеке инвесторларды тарту жұмыстары қолға алынуда. Сонымен қатар жеке мектептер ашу бағытындағы шаралар қолға алынып, өткен жылы 2 жеке мектеп ашылған еді. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғасын табады, – деді Арман Кәрімұлы. Жиында баяндама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Темірғалиева өткен жылдың қорытындысынан хабардар етіп, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Жарыссөз барысында БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева білім сапасын арттыру бойынша жаңа міндеттерге тоқталса, Ә.Молдағұлов атындағы №38 мектеп-лицейінің ұлағатты ұстазы Гүлжихан Тасқарина мен жас маман Ғалия Жулкашева «Кәсіби сабақтастық: құзырлылық пен даму қағидаты» тақырыбында диалогтық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Бұдан әрі «Stem Academia» компаниясының академиялық директоры Мағжан Қыстаубаев сөз алып, уақыт талабына сай білім әдістері туралы жаңалықтарды ортаға салса, Орал «Сервис» технологиялар колледжінің директоры Айгүл Искалиева еңбек нарығы және кәсіптік білім туралы баяндады. Ал Батыс Қазақстан облысы ата-аналар комитетінің белсенді мүшесі Айболат Қожанғалиев отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар жайында пайдалы кеңестерді ортаға салды.

Салтанатты іс-шара марапаттауларға ұласып, бір топ ардагер-ұстаздар мен білікті педагогтарға және үздік оқушыларға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, Қазталов ауданындағы Қараөзен-мектеп-лицейі «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауында жеңімпаз атанды. «Алматы кітап» ұйымдастырған «LEADER TopIQ» байқауына қатысып, жүлделі орын алған батысқазақстандық ұстаздардың есімдері де аталды.

Сонымен қатар білім саласының бірқатар ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Салада жемісті еңбек етіп жүрген оқытушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсімен және «Мейірім әлемге махаббатпен» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен облыстық білім басқармасы тағайындаған марапаттар бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген және ерлік істерімен дараланған оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Басқосу соңында кеңеске қатысушылар концерттік бағдарламаны тамашалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий