“Жас мамандар слёті” педагогикалық фристайлінің үшінші шақырылымы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Білім беруді дамыту орталығының бастамасымен жас мамандардың кәсіби шеберлігін қалыптастыру, ізденімпаздыққа, іскерлікке дағдыландыру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында екі күндік «Жас мамандар слёті» педагогикалық фристайлінің ұшінші шақырылымы Орал қаласындағы «Дарын»  қосымша білім орталығында ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі ұйым директорлары, Бастауыш сынып мұғалімдері, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері, психологтер мен әлеуметтік, инклюзивтік оқыту педагогтері, оқу ісі және әдістемелік жұмысы, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары мен бастауыш мектеп және негізгі, жалпы орта білім беретін мектептің директорлары қамтылған слётке барлығы 450 педагог қатысты.

Педагогикалық фристайлдың Start Флеш, Bingo, Квест, Тимбилдинг, Breen Station блоктары бойынша жұмыстанған жас педагогтер жаңа оқу жылына өз қоржындарын тың идеяларға толтырды десек те болады. 5 топты әдіскерлермен бірге республикалық жастар форумына қатысқан жас мамандар белсенді өткізуге атсалысты. Әр топта  жас мамандар өздерінің ынталарын салып, аса қызығушылықпен қатысты.

Сонымен қатар «Айтары бар ақынмен…..» тақырыбындағы сыр-сұхбатта ақын, тележурналист М.Балмолдамен кездесуде жас мамандар көкейіндегі сұрақтарына мотивациялық жауап алды. Ал кешкі табиғат аясында әнші Ж. Ғайсағалиев жастармен бірге ән айтып, әсерлі көңіл күй сыйлады. Кеш соңы би кешімен жалғасын тапты. Слёттің екінші күні  де Орал қаласы «Дарын» қосымша білім орталығында жалғасын тапты.

«Ел болашағы жастардың қолында» тақырыбындағы Мотивациялық fresh блогында «Fiesta» дүкендер желісінің негізін қалаушы, кәсіпкер А.Рамазанов пен  «Шабыт» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары, «Аманат» партиясының Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ш.Утебалиева, «Эмпат» АҚ негізін қалаушы, психолог, медиатр А.Жалиева  жас мамандармен ашық алаңда құндылыққа бағытталған еркін сұхбат жүргізді.

Республикалық Форумға  қатысушылардың ұйымдастыруымен өткен «Мюзикл» мен Танылмаған талант…  бөлімінде талантты жас мамандар түрлі өнерлерімен бөліссе, «Жас блогер-2022» бөлімінде екі күндік слёт барысын өз инстаграмм парақшасына салып, арнайы хештег арқылы бөліскен жас мамандар анықталып, сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар шара барысына қолдау білдіріп, өз үлестерін қосқан дене шынықтыру, музыка пәндерінің мұғалімдері мен Республикалық форумға қатысушы жас мамандар Білім беруді дамыту орталығының алғыс хатымен марапатталды. Слёт соңында ынтымағы артқан жас педагогтер кері байланыс баннеріне өз ой-пікірлерін білдірді.

Альбина ҚУАТОВА,
білім беруді дамыту орталығындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий