Нұрмұхамед Оразбек, Максим Усольцев (Қызылорда), Исмаил Мұхамедьяров, Жантолы Мұратқалиев (Семей) WRO-2022-нің әлемдік кезеңінде NIS-тің намысын қорғайды

Қызылорда мен Семей Зияткерлік мектептерінің қос құрамасы World Robot Olympiad – 2022-нің әлемдік кезеңінде NIS-тің атынан шығады. Нұрмұхамед Оразбек, Максим Усольцев, Исмаил Мұхамедьяров және Жантолы Мұратқалиев маусым айында елордада өткен дүниежүзілік робототехникалық олимпиадасының Ұлттық чемпионатында ерекше көзге түсті, – деп хабарлайды осы білім ордаларының баспасөз қызметі.

«Senior» және «Future Engineers» санаттарындағы табысты жобаларды ұсынғаннан соң жазғы оқу-жаттығу жиындарында ел намысын қорғау құқығын растады. – Жазғы жиынға республиканың үздік робототехниктері келді. Исмаил мен Жантолы төрт күн бойы түрлі тапсырмаларды орындап, қазылар алқасының алдында өздерінің білімдері мен дағдыларын дәлелдеді, – деп атап өтті «SGMZ» Семей командасының жаттықтырушысы, пән мұғалімі Бақытбек Орынбаев.

Қызылордалық Максим мен Нұрмұхамед құрастырған автономды автокөлік «Болашақ инженерлер» санатында үздік деп танылды. – Осы санаттағы көлік құралдарының кедергілерден өту, колонналарды анықтау, белгілі елді мекен арқылы өту сияқты міндеттерді орындау қабілеті есепке алынды, – деді балалар. Жас робототехниктердің жетекшісі Серік Мөңкебайұлы бұл жеңіс олар үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімді.

Қараша айында Нұрмұхамед Оразбек, Максим Усольцев, Исмаил Мұхамедьяров, Жантолы Мұратқалиев ұлттық құраманың сапында немістің Дортмунд қаласында өнер көрсетеді. WRO-2022-де елордалық республикалық физика-математика және «Роботек» мектептері, Қарағандыдан «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығының жас робототехниктері, Шымкенттік «Robo Park» робототехника және бағдарламалау мектебі мен №2 мамандандырылған мектеп-интернеты да Қазақстан туы астында бақ сынасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий