Германияда тұратын келестік түлек 1 миллион теңге қаржылай көмек көрсетті

Келес ауданында орналасқан №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 1982 жылғы түлегі Андрей Лавкард екі жасар Айсара есімді қыздың еміне 1 миллион теңге қаржылай көмек көрсетті. Германиядан сыныптастарымен кездесуге келген түлектің мектеп бітіргеніне 40 жыл болған, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Айсара есімді 2 жасар қызға екі көздің көлденең кішкентай калибрлі нистагмасы ретинальды пигментсіз абиотрофия диагнозы қойылған. Жас қызға Ташкентте жұмыс істейтін индиялық дәрігер ота жасауға келісім берген. Айсараға “Абай”Келес аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Ештаева Гүлмира Қалиқызы да көмек қолын созған.

– Кәсіподағымыз қашан да мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп тұрады. Кәсіподақ – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі дер едім. Биыл біздің ұйым сондай-ақ 1-сыныпқа баратын 150-ден аса оқушыға да мектеп сөмкелерін таратты. Өтініш білдірген жандарға тұрақты түрде әлеуметтік қолдау көрсетіліп тұрады,-дейді Гүлмира Қалиқызы.

№25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Гүлжамал Былхиева осындай мектеп түлектерін мақтан тұтады. – Білім ордамыз 1973 жылы салынған. Содан бері мектебімізді қаншама түлек бітірді. Мектеп түлектері қашан да оқу ордасына келіп көмек қолын созып тұрады. Қамқоршылық кеңес жұмысы да белсенді. Биыл мектебімізді 54 оқушы тәмамдады, оның басым бөлігі білім гранттарын иеленіп отыр. Жаңа оқу жылының басталуымен барша әріптестерімді құттықтаймын. Ел қамын ойлайтын шәкірт тәрбиелеу ісінде шығармашылық шабыт тілеймін, – дейді мектеп директоры Гүлжамал Бахтиярқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий