Жаңа оқу жылы: Заманауи үлгідегі жеке мектеп

Халқы тығыз орналасқан оңтүстік өлкедегі демографиялық даму көрсеткіші жыл өткен сайын артып келеді. Шымкентте де мектептердегі орыннан оқушылар саны асып тұр. Ресми ақпаратқа жүгінсек биыл 223 мектепке 250 мың шәкірт барған. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балақайлардың саны 28 мыңнан асқан екен. Нәтижесінде бірінші сыныпқа барғандардың саны былтырғымен салыстырғанда үш мың оқушыға артқан. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты оқушыларды қамитын жергілікті білім беру ұйымдарындағы орын жетіспеушілігі мен үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу мақсатында жергілікті атқарушы билік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынатын білім ордаларының қатарын көбейту үшін қажетті мүмкіндіктерді қарастыруға мүдделі.

– Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін.  Мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тартқан жөн. Толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көше бастауымыз керек, – деген болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы 2021 жылғы қыркүйек айының 1-і күні барша отандастарымызға арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Жолдауында.

Оңтүстік өлке жұртшылығына танымал педагогтар династиясы осы аймақтағы жоғары оқу орны мен арнайы кәсіби білім беретін колледжді қаржыландыру арқылы еңбек нарығындағы сұранысқа сай қажетті мамандық иелеріне сапалы білім беруді жақсы жолға қойған. Жүздеген түлектер еліміздің әр аймағындағы түрлі салада табысты еңбек етіп жүр.

Оңтүстік өлке жұртшылығына танымал педагогтар династиясы осы аймақтағы жоғары оқу орны мен арнайы кәсіби білім беретін колледжді қаржыландыру арқылы еңбек нарығындағы сұранысқа сай қажетті мамандық иелеріне сапалы білім беруді жақсы жолға қойған. Жүздеген түлектер еліміздің әр аймағындағы түрлі салада табысты еңбек етіп жүр. Биылғы жаңа оқу жылында сол азаматтардың инвесторлығымен заманауи үлгіде, жабдықталған лингвистикалық бағытта білім беретін элиталы «Оскар» бастауыш мектеп ашылды.

Жиынға Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева, Шымкент қаласы және Түркістан облыстық мәслихаттың хатшысы мен бір топ депутаттары Рабиға Қуатбекова, Сұлтанғали Қуандықов, Ноян Төлегенов, Жамалбек Зораев, Шымкент қаласындағы қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшесі Рүстем Ашетаев, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының директоры Лаура Искакова, ардагер ұстаз Баян Әліпбекқызы катысып, ізгі лебіздерін білдірді.

 – Республикамыздағы үшінші мегаполисте орналасқан еліміздегі жалғыз “Әдет, ғұрып және салт-дәстүр орталығымен әріптестік меморандумы аясында мектептің тәрбие сағаттары мен мерекелік іс-шараларын осы орталықтың мамандарымен бірге ұлттық негізбен ұштастыра отырып өткізу жоспарларланған. Игі бастамаға арнайы келіп мектеп құрылымымен танысқан өңірімізге танымал білім саласының ардагерлері мен қоғам қайраткерлері өте жоғарғы бағалап, сәттілік тілеп жатты.

Бұл мектепте білім алушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,  көптеген құрылымдық əдістерді пайдалану арқылы білім бағдарламасымен оқытады, – деді құттықтау сөзінде Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы. – Ағылшын, француз, қытай, корей тілдерін жаһандық әдістер арқылы шетелдік мамандар тереңдетіп білім  береді. Сонымен қатар, мектепке кітап сатып алудың еш қажеттілігі жоқ, тегін кітаппен қамтамасыз етеді. Сабақтан кейін оқушылар өздерінің таңдауы бойынша кемінде екі-үш үйірмеге қатыса алады.

Балалардың кішкентай кезінен бастап креативтілігі, логикасы мен жан-жақты ойлау қабілеті дамыту мақсатында робототехника; оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын,  кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамыту үшін  қолөнер, көркемсурет, би, гимнастика, актерлік шеберлік, домбыра, шахмат, спорт үйірмелері бар. «Oskar school» мектебінің ұжымы мұғалімдері жоғары білікті, білімді мамандар.

Мектеп оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қолайлы жағдай жасау үшін мынадай шараларды қолданады: мамандандырылған – кәсіби қауіпсіздік күзет қызметі тәулік бойы кезекшілік етеді; мектеп бейне бақылау камераларымен жабдықталған; бетті тану функциясы бар турникеттер; өртке қарсы қорғаныс жүйесі орнатылған. Мектепте балалар үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, сіздің балаңызды жайлы және қауіпсіз көлікпен қамтамасыз ете отырып, көлікпен тасымалдау қызметі бар. Сөз соңында айтарым, жаңа заманауи мектеп өте ұнады! Әрбір бала осындай мектептерде білім алса екен деп тілеймін!

«Oskar» лингвистикалық элиталы бастауыш мектебіндегі ұстаздар ұжымының жетекшісі Нұрбекова Жанардың айтуынша барлық басымдық шығармашылық және озық білім беру бағдарламасына негізделген білім, инновациялық ойлау, мәдениетті, өз бетінше оқуға белсенді оқушыны қалыптастыруға бағытталған. Бұл білім ордасы бастауыштағы 1-4 сынып оқушыларын білім алушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,  көптеген құрылымдық əдістерді пайдалану арқылы мемлекеттік білім бағдарламасымен оқытады.

Мектеп оқыту мен оқуда конструктивті, ізденіске негізделген тәсілді ұстанады, ізденуге және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Ең басты ұстаным – оқушылардың алған білімдерін үздіксіз кеңейтумен қатар, үнемі өзгеріп отыратын әлемнің өзгерістеріне бейімделе алатын дағдыларын жетілдіруге деген ұмтылысын ояту.

– Жаңа мектепте білім алған балалар болашақта өз ортасында көшбасшыға айналады. Оқушылар өз тілінде білім ала отырып, өзге елдердің де тілін үйренеді. Ағылшын, француз, қытай, корей тілдерін жаһандық әдістер арқылы шет елдік мамандар тереңдетіп оқытады. Барлық мұғалімдеріміз жоғары білікті, олар оқушыларға өз əлеуетінің толық ашылуына көмектеседі, олардың таланттарын мектепте, жалпы ортада дамытуға ықпал етеді.

Сондықтан жаңа заман талабына сай осындай білім ордасын салып, жаңа оқу жылында пайдалануға бергені үшін жас бүлдіршіндердің ризашылығына бөленген барлық ата-аналар мен жанашыр қауым қаржылық қолдау мен көмек жасаған әлеуеті зор демеушімізге алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіруде, – дейді мектептің директоры Жанар Бақытқызы. – Сабақтан кейін оқушылар өздерінің таңдауы бойынша кемінде екі-үш үйірмеге қатыса алады.

Балалардың кішкентай кезінен бастап креативтілігі, логикасы мен жан-жақты ойлау қабілеті дамыту мақсатын көздейтін заманауи мектеп оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын,  кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамыту үшін қолөнер, көркемсурет; би; гимнастика; актерлік шеберлік; домбыра; шахмат; спорт үйірмелерінн қатысу үшін жағдай жасаған.

Бұл мектептің ең негізгі артықшылықтарының бірі ол – балалардың күні бойы қолданатын ауыз суы. Әр қабатта 4-5 жерде арнайы сүзгіштер қойылған. Күнделікті демалатын ауаның таза болуы да өсіп келе жатқан бала денсаулығы үшін маңызды екенін ескеріп ауаны сүзгіден өткізіп ыстық ауа мен суық ауаны теңестіріп бір қалыпта ұстайтын сапалы құрылғы орнатылыпты. 480 орынға есептелген білім ошағында асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинет те қарастырылған.

Кабинеттерге жұмсақ жиһаздар қойылған. Акт, спорт залға жұмсақ төсеніштер төселіп, асханаға қажетті заттардың орналастырылғанын білдік. «Oskar school» мектебінің ұжымы мұғалімдер жоғары білікті, білімді мамандар. Мектептің заманауи ғимараттары қаланың орталығында қоныс тепкен. «Oscar» мектебі оқушыларға қауіпсіз оқуды барынша қолдайтын ортаны ұсынады.

Осы мектеп бойынша кез келген сұрақтар үшін:
Мекен жайы: Шымкент қаласы,
Қонаев даңғылы, 54 а;
Телефоны: 8 707 850 60 60;
Instagram: @Оscar_school.kz

Нұрлан САБЫРБАЙТЕГІ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий